+2 дауыс
2.9k көрілді
Менің мінезім өте тұйық, мінезімді өзгертейін десем еш қолымнан келмейді. Өзім тағы қатты ұялшақпын, адамдармен тіл табысып кету өте қиын. Және үйде жүрген кезде де, 15-20 минуттай көңілім көтеріңкі болып жүреді де, аяқ астынан бір нәрсе есіме түсіп кетеді  немесе қасымдағы адамдар бір ұнамайтын  сөздерді қалжыңдап айтып қалады, сосын бірден үндемей қаламын. Ренжіп жүремін де, ішімнен ашуланып, ашуымды басқа адамдардан аламын. Мамам бұл қылығыма кейде ашуланады, ал кейде *бұл мінезіңді құртуың керек, әйтпесе тым есейген сайын мінезің бұдан сайын ауырлайды, сосын барған жеріңде де сені ешкім оңыстырмайды, өзің қиналатын боласың* дейді. Кейбір адамдар болады ғой.... кез-келген қалжыңды көтеретін, ешкімге мүлдем ренжімейтін, әрқашан да күліп жүретін адамдар болады ғой, және олар тұйық емес, мінезі ашық болады. Менің сондай болғым келеді. Мінезімді қалай өзгертуіме болады???

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
менде бұрын сіз сияқты  болғанмын! мінезім тым тұйық болатын! бірақ кейіннен ашылдым!
адамдардың арасында өзіңізді әрқашан еркін ұстаңыз, өйткені барлығы өзіңіз сияқты адамдар ғой. Олардан еш ұялудың қажеті жоқ! егер сізге қалжыңдаса сізде оларға қалжыңдап ойнаңыз. оның еш қиындығы жоқ қой!
Егер  көңіліңіз түсіп кетсе бәрін ұмытыңыз да, жақсыны ойлаңыз. оған ашуланып, іштей ойлап жүргеннен ештеңе шықпайды, тек өзіңізді шаршатасыз!
<br>адамдармен  жақсы араласа беріңіз.  әңгіме кезінде өзіңіздің ойыңызды еркін айтыңыз.
Егер тұйық болсаңыз дос табу қиын болады! дос деген қымбат жан!  ал достарыңыз көп болса өміріңіз қызыққа толады!
Келісемін сізбен 100%, менде сондай болғанмын
Белгісіз
+3 дауыс
Ол үшін сондай ортаға тап болу керек, сондай адамдармен көп араласу керек, ашылуға тырыс. Өмірге деген түсінікті молайту үшін көпшілікпен жүр(былай айтқанда понятия жетіледі)
+1 дауыс
менiнде басымдагы дал осындай жагдай. Туйыктыгыннан, уялшактыгыннан арылудын жолы ол копшiлiкпен араласу. Маман дурыс айтады осы мiнезiннен казiр арылмасан барган жерiнде киналасын.
+1 дауыс
Рахмет барлықтарыңызға))...................................
+1 дауыс
Мінезді өзгерту өте қиын!Бірақ бәріне сабырмен қарауға тырыс!Кінәмшілдіктен арыл.Пайғамбарымыз ең жақсы адамдар ретінде көркем сабырлы адамдарды көрсеткен!
+2 дауыс
Мінезіңіз жайлы қобалжу орынды. Қыз  жат жұрттық дейді  дана халқымыз. Адамдармен араласқанда шынайы қарым-қатынасқа түсу қажет. Достарың емен жарқын ашық, адал болсын. Сын айтқыштардан аулақ бол. Егер спған сын ескертулер айтып жатса ,оны естімеген бол.Жаныңа жақын алма. Жақсыға жаның құмар болсын.
0 дауыс
Салеметсиздерма менинде минезим сондай оте туйыкпын одан калай арыламын менин ойымша бул туйыктык минез емес ол адамнын уйнде тартипке сосын кишкентай кезинде сынау создер коп айтылган себеп шыгар
...