0 дауыс
507 көрілді
Қыздарға сұрақ: Қыздар Қайын ата - Қайын енең болғанын қалайсыздар ма, әлде болмағанын қалайсыздар ма?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия, тұрмысқа шықпай тұрғанда әке-шешесі жоқ адамға, туыстары жоқ адамға тұрмысқа шығамын деп айтатынмын. Өзімнің әке-шешем ерте қайтыс болып кеткен.  Кейін өзім жақсы көрген адамның шешесін сондай көргім келген. Осындай керемет жігітті дүниеге әкелген адам да керемет шығар деп, бірақ ол көрсеткісі келмеді. Содан екеуміз үйлендік. Көп балалы отбасы екен. Ал мамасының мінезі деген адам айтса сенгісіз болып шықты. Сондықтан да алдын ала таныстырғысы келмеген шығар деп ойлаймын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, мамасы ешқандай баласына сыймады, соңында менің жолдасым қолымызға алайық деді. Мен қаншалықты қиын болса келістім, өйткені құдайдан қорықтым. Мен де ертең қартаям ғой деп ойладым. Осылайша бес жылдан аса өмір сүріп жатырмыз. Ертең менің келіндерім маған қарамай кетсе, әйтеуір, өзім солай істегеннен болды-ау деп өкінбеймін ғой. Сондықтан кімнің басына тағдыр қандай сый әзірлеп тұрғанын кім білсін...
+2 дауыс
Өмірлік серігімнің, сүйген жанымның ата-анасының болмағанын қалайша қаламаймын? Қалаймын, мені бақытты етер жанды дүниеге әкелген, тәлім-тәрбие берген жандардың алдында қарыздармын. Қайын ата, қайын ене, сол үйге келіп болып түскен соң маған әке, ана болатын жандар. Ал мен ата-анамның болмағанын ешқашан қаламаймын.
0 дауыс
Барған жеріміздің от басы жақсы, түгел, үлкен отбасылы болса болды. Өзіме болғаны ұнайды. Армандаймын даже)))
0 дауыс
ya kalaimin mende armandaimin jaksi kelin jaksi ana adal jar bolganimdi
...