0 дауыс
Менің інім күнделікті түскі асына роллтон дайындап ішуді әдетке айналдырды. Роллтонын адам ағзасына пайдасы барма? Тез дайындалатын тамақтардың (роллтон сияқты) пайдасы зияны туралы білгім келеді.
25.06.2012 7.4k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қазіргі уақытта тез дайындалатын тағамдардан бойды аулақ ұстаған жөн. Роллтон да солардың қатарынан. Зиянына тоқталайық: ондағы дәмдеуіштер алуан түрлі сүзгіден өтіп, әбден күйдіріліп, кептірілген. Ал тағамның тартымды дәмін глутамат натрия (Е-621) деп аталатын химиялық элемент «шақырады» екен. Бұл қоспа асқазанда бөлінетін қышқылды көбейтіп, нәтижесінде ас қорыту жүйесі бұзылады. Сондай-ақ әбден кепкен дәмдеуіш қорытылмай тұрып қалады да, ол біртіндеп асқазан жарасына соқтырады. Сол себепті жасанды құрғақ тағамдарды мейлінше аз пайдаланған жөн. Оны қолданар алдында сыртындағы ескертпесіне назар аударыңыз.  Жалпы, қайнаған ыстық суда 5 минутта пісетін осындай тағамдардың атына, шығарылған күні мен айына мән беріңіз. Себебі дайын тағамдар денсаулығыңызға өте қауіпті. Мәлімет көзі: [Замана][1]


  [1]: http://zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/1159-bich-paket.html
26.06.2012
0 дауыс
Ролтонның пайдасы жылдам тамақтанасың,зяны жылдам өлесің.
26.06.2012
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,973Қолданушы