Табанның өзгеруі жастар жағында ұзындығы жағынан, ал үлкен кісілерде көлденең жағынан өзгеріске ұшырайды. Табанның астында байланыс аппараты болады. Сол байланыс аппараты бүкіл сүйектерді біріктіріп тұрады.
Жалпақтабандылықтан тобық, тізе және сан буындары ауырады, патологиялық мүсін пайда болады. Бұл тірек жүйесінің бұзылуы нәтижесінде артроз бен сколиозға әкелуі мүмкін. Егер сүйектер босаңсып кетсе, мешел ауруына шалдығады. Сол үшін де ауруды асқындырмай үйде үнемі жаттығу жасау керек:
- Аяқтың ұшымен тұрыңыз;
- Аяқтың ұшымен өкшеге қарай сырғанаңыз;
- Табаныңыздың сыртымен тұрыңыз;
- Табиғат аясында жүргенде, жерде, дымқыл шөпте, таста жалаңаяқ жүруге тырысыңыз;
- Жүрісіңізге назар аударыңыз: аяқты қатар қоюға тырысыңыз, ал жүрген кезде табанның сыртына сүйеніңіз;
Жалпақтабандылықтың ішкі ағзаларға ешқандай әсері болмайды. Алайда аяқтың сирақ, балтыр бөліміне әсер етеді.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады.