0 дауыс
720 көрілді
3 ай болды менің осылай өзімді, ойыма кетпей келе беретін ойлардан кұтыла алмай жүргеніме!  Бір жағынан ойлаймын жұмыстан шығып қалуым және ата-анам өзіме сеніп берген үлкен ақшадан жоспарсыз айырылуым, қазір мен айналама қарасам барлығы маған ғана карап тұратын сияқты, себебі мен 5 жыл болды компьютер жөндеймін достарым, жалпы барлығы мені таниды! Кешке жоспарлап жатып таңертен тұрып барлығын жаңадан бастағым келеді, бірақта осы ойлар келе береді сен тағыда жеңілесін деп тұрады, ақырғы күндері мүлдем үйден шығуды қойдым, ешкіммен араласқым келмейді,өзіме қол сала салу маған жақын сияқты, бірақта қолыммен істегенімді мойыныммен көтеріп барлығын түзеткім келеді!!!

2 жауап

+2 дауыс
Иа, адам өз-өзін жақсы жаққа  өзгертуге болады (деп ойлаймын).Менде  де өз-өзімді жеңу мүмкін емес секілді болып жүр кейінгі кездері.Бірақ, өз-өзіңді өлтіру ешқандай проблеманы шешпейді ғой.Артыңа дәу проблема қалдырғаннан басқа.Одан да өз-өзіңмен күресе беруді жалғастыра беру керек деп ойлаймын.Мен де өз-өзіммен күресемін.Тіпті , жеңіліп жатсам да.
Өмірде басқа жолдар да бар. Барлық гәп біздің ой - әрекетімізде деп ойлаймын өзім.  
P.S.Біреуге ақыл , кеңес беру негізі , ең оңай іс ше.Сондықтан, саған ештеңе жазбай-ақ қойсам да болар еді.Себебі, виртуалды түрде интернет арқылы,  адамға әсер ету мүмкін емес секілді.
Бірақ, меніңше сен проблемаңды шеше алатын сияқтысың.
+2 дауыс
Адам баласына Алла Тагала сын береді соны сабырлықпен жеңе білсе соңында сыйы болады. Ол әрине соның берекесі. Адам бұл өмірде күресу үшің келеді, әр сыңға , әр қиыншылықты жеңу, күресу Аллахтың сүйікті құлдарының қолдарынан келеді. Сол үшін сабырлы бол!
...