Әрине адам болған соң, қиындық болмай тұрмайды!Мен бәріне сабырлықпен,төзімділікпен, үмітпен қараймын!
Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса басқа дәулет құралмаған.
Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе бір Алладан. ...