+1 дауыс
2.0k көрілді
Қазақстанда "18-ге толмайынша үйленуге болмайды" деген заң бар ма екен?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің   10-бабында неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
Мынадай дәлелді себептер болған:
      1) жүкті болған;
      2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.

Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі.
Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.
0 дауыс
жоқ секілді.Бірақ 18ге толмай некеге отыра алмайсыз.Жақында 17 жасар ұл бала үйленді.16дағы қыз күйеуге шықты
0 дауыс
үйленуге болады, егер де екі жақтан  ата ана келісімі берілсе. Азамат пен азаатша ен аз дегенде 16 жаста болу керек.
ЖОқ куәлік сіз қалай үйленеді ???
неке және отбасы" деген заң тарапында 16 жаста жоғары да айтып кеткен жағдайда үйленуге құқық берілген
Болмайды олай
0 дауыс

Үйленнуге болады .

...