+2 дауыс
341 көрілді
Жел боп ұшып тасып төккен,
Қайғыларың қайда сенің,
Ауыр болған қасіреттен,
Артып жатсың айға сенім.

Бүршік атып көктем гүлін,
Шақырасың алыстардан,
Тым қызықсыз сенсіз түнім,
Жұлдыз санап жарысқаннан.

Кузбен келген жапырақтай,
Белгісіз ау барар жерің,
Сенсіз күнім таңымда атпай,
Сен қасымда қалар медің.

Әлсіз күйің әлі күнге,
Баурап алған бақыт болар,
Ойласаңда мені күнде,
Жетелейді бақытқа олар.

Маған қарай асыққаннан,
Не табасың арайлым,
Біз аңсаған бақыттардан,
Сені бөлек балаймын.

Сенің халің ерте шыққан,
Көктем гүлі секілді,
Сені көріп таңғы шықтай,
Кім емдейді дертімді.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Әдемі өлең жолдары,әрине түсіне оқып білген адамға....
рахмет коп коп
0 дауыс
Жоооқ  ұнамайды! Сөздері тым қызық!))))))))))))))))
...