Киіз үйлер тігуге не кедергі жасап отыр? Көлсайға жол қашан жасалады?

+1 дауыс
684 қаралым
Алматы облысында Көлсай деген керемет жер бар.Бірақ жолы өте нашар.Барған соң табиғаттың көркемдігіне таң қалып,барлық қиындықты ұмытасыз.Жылда студенттерді апарамыз.Биыл барсақ не асхана жұмыс істемейді,не киіз үйлер жоқ.Группамен барғанда  киіз үйлер ыңғайлы,біреуінде ұлдар,біреуінде қыздар дем алады.Кешкісін би билеп,көңіл көтеріп қайтушы едік.Биыл оның біреуі жоқ.Ұйымдастырып апарған өзіміз ұялдық.Сұрақ: Киіз үйлер тігуге не кедергі жасап отыр? және Көлсайдың жолы қашан жасалады?
Жалпы сұрақ

1 жауап

+2 дауыс
оны қолға алар адам болса, туристік орынға айналдыруға болатын керемет жер. Бұл ондай ой ешкімнің басына  келмей жатыр деген сөз емес. Айтқаныңызды орындау үшін сан мыңдаған кедергі әсер етуде. Мәселен ол жерге рұхсат,ол жердің арендасына төлейтін қаржы,асхана ашатын болса ондағы санитарлық тазалық, ондағы көкөністердің,жемістің, еттің жалпы айтқанда азық-түліктің нормаға сай болуы туралы құжат,т.б. айта берсең ұзын-сонар тізім жасауға болады. Міне осылай. ал Көлсайдың жолы туралы министрлікке ұсыныс хат жолдау керек.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы