+1 дауыс
1.5k көрілді
1. Қыз тұрмысқа шыққан соң күйеуінің тегіне (фамилия) өтуі қаншалықты дұрыс немесе дұрыс емес деп ойлайсыздар?
2. Егер күйеуінің тегіне өтсе, тегінің өзгеруіне байланысты оқу бітірген дипломы күйіп кетеді ме?

11 жауап

0 дауыс
Күймеуде мүмкін оқыған жерден ауыстыру керек болар бәлкім. Орыстарда түгелі күйеуінің тегіне өтіп жатады. Жалпы құжаттар түгелдей ауыстырасыз. Өз тегіңіз ұнамай жүр ма?
Өз тегім өзіме ұнайды! Бірақ орысша жазылып кеткен, биыл өзгертембе деп едім, бірақ үйдегілердің уақыты болмай..сол күйі паспорт алдым. Мен тегім ұнайды, ұнамайды деп емес, жалпы пікірлеріңізді білгім келгені..
0 дауыс
бұл орыстардан келген дәстүр ме қалай өзі? қазақ бұндай бар ма еді?
Иә, көп адамды естіп жүрмін ғой, сол үшін сұрап жатырмын, бұл дұрыс деп ойлайсыздар ма деп..
0 дауыс
Әрине дұрыс қой,Қыз сол елдің адамы болып есептеледі
–1 дауыс
Иә өтуі дұрыс деп есептеймін меніңше дипломы жарайды
мм түсінікті, рахмет
0 дауыс
Дұрыс па ,бұрыс па білмедім,бірақ....тегімнің ауысқанына қайта қуанар едім=)
Ауысқанына ма) Біз қуануын қуанамыз-ау...бірақ өзіміздің ата-анамыз не ойлайды екен, ренжімейме екен деген ойда боламын өзім)
Білмеппін,бірақ анамның тегі ауысқан.Қарсылық болмаған дейді.Енді әркімге әрқалай болатын шығар.
+1 дауыс
Қазіргі кезде әркім өз қалағаны бойынша ғой, Ал мағаан өзімнің тегім ұнайды, сондықтан ауыстыруды қажетсінбеймін..
түсінікті, жауабыңызға рахмет)
0 дауыс
Әркімнің өз  еркі бар.Күйеуінің тегіне  өту  мен  үшін  міндетті  емес  сияқты.Егер өзіңіздің  тегіңіз  ұнамай күйеуіңіздікі  ұнаса  онда  болады
0 дауыс
Диплом жөнінде білмеймін, әйтеуір шариғатта тыйым салынған. Адам өзінің әкесін ғана әке деп атайды, құжат бойынша да, ауызша болсада.
0 дауыс
"Фамилиясы осындайдан осындайға өзгерді"  деген қағаз берілуі тиіс.
"Қыз - жат жұрттық",- деп тегіннен тегін айтылмаған ғой.
Ең дұрысы - өз отбасының, күйеуінің тегін алған дұрыс.
0 дауыс
Тегіңізді ауыстырсаңыз, бүкіл сізге тиесілі құжаттардың бәрін ауыстырмайсыз, меніңше. Нотариусқа барып, құжат сізге тиесілі екенін дәлелдеп алсаңыз болғаны. Ауыстырғыңыз келсе, ауыстырыңыз. Оңай шаруа болмаса да, қалауыңызды орындайсыз. Бақытты болыңыздар!
0 дауыс
ол міндетті емес ,өзің білесің ғо
...