+1 дауыс
610 көрілді

1 жауап

+3 дауыс
Урологиялық аурулардың жиі таралуына қазақ халқына тән ұяңдық та өз әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің урология кафедрасының ассистенті Қуаныш  Сүлейменов былай түсіндіреді:

— Қазіргі таңда  елімізде ерлер арасындағы бедеулік пен белсіздік ауруы үлкен мәселеге айналып отыр. Тіпті, қазір бұл аурулар жиырмаға енді толған жастар арасында да дендеп барады. Аурудың асқынуы біздің халықтың табиғатына да  байланысты. Отбасын құрған жастардың көпшілігі алдын ала дәрігерге қаралмайды. Ауруын байқаса да айтуға ұялып, жасырып жүреді. Сөйтіп ауруды асқындырып алады. Отбасын құрғаннан соң бір жылдан кейін ғана ойлана бастайтыны өкінішті. Жалпы, некеге тұрғаннан кейінгі бір жыл  ішінде жүктілік болмаса немесе екі жыл ішінде сәби сүймесе, ол — бедеулік болып есептеледі. Бұрын бедеулікке тек әйелдерді кінәлап келдік. Соңғы жылдары ғана ерлер денсаулығына назар аударылды. «Еркектер бедеулігі» деген термин дүниеге келді. Өйткені еліміздің медицина саласына жаңа технологиялар енгізіліп, ауруды ерте анықтаудың түрлі әдістері  қолданыла бастады. Қазір бедеулік мәселесі ер мен әйел, яғни екі жақтан да қарастырылады. Ал белсіздік дерті тек урологтардың мәселесі болып қалмай, үлкен әлеуметтік алаңдаушылыққа әкеліп отыр. Бұл аурумен сексолог, сексопатолог, психолог, гинеколог дәрігерлер бірігіп жұмыс жүргізуде. Айта кететін бір жайт, бұрын белсіздікке 40-50 жас аралығындағы азаматтар шалдықса, қазіргі күні 20-25 жастағы жігіттер де төсекте дәрменсіз. Бұның себебі көп. Қазір екі азаматтың бірі жүрек-қан тамырлары, қан қысымы  ауруы, оған қоса қант диабетімен ауырады. Осының барлығы белсіздікке әкеліп соқтырады.
...