0 дауыс
265 көрілді
мен  оған   түсінітікпен  қараймын  сыйлаймын    ол  маған    сондай  дөрекі   сөйлейді  уже  шаршатып  жіберді  не  істейін   а  ???

2 жауап

+3 дауыс
толығырақ айтсаң, ол саған кім болып келеді?
ол    маған  досым  болып  келеді  бірақ  ондайлар  бірнешеу  қасымда  !!!
Достықтың 2 түрі болады: Біреулер дос болады қораңнан мал шыққанша, кейбіреу дос болады  кеудеңнен жан шыққанша...Достарыңды осылай ажыратып ал!
 Ол сенің адал досың болса, оның мінез-құлқына еріксіз үйренуің керек...
Ал егер, сен онымен жай достасып жүрсең, оған өз ойыңды тіке айт...несіне қысыласың!
Ол саған адал болып келсе, Адал досқа ештеңе жетпейді деп ойлаймын)
Олар қазір сенің қасыңда, олардан бір сәтке алыс кетсең, тіпті олардың осы дөрекі сөздерінде сағынатын боласың)Қолда бар алтынның қадірін біл!
жақсы жауап
+1 дауыс
Дәл айтылған қазағымның мақалы
Алтын емес, жылтырағанның бәрі,
Деген сөзге мән бермеппін, өкінем,
Бір Алладан жәрдем сұрап, өтінем!

Бал жалатып тіліңмен
Жалған дос боп жүрдің – ау,
Сәл бағымды көре алмай
Өсек айтып үрдің – ау.
Адамдар бар опасыз
Айтып тілің жетпейтін,
Қасиеті тумыстан
Пайда іздеп кетпейтін.

Тағдыры түзу болса да
Іштарлықпен қарайтын
Ештеңе келмей қолынан
Сөз қылуға жәрайтын.

Булығып ойға әрқилы
Дос болған боп жүріпті,
Іздеп амал таба алмай
Сыздап іші бүріпті.

Көрседе көзім осыны,
Кімге айтар жасым қалды?
Құтылып өрең серілгенде
Қателескен басым қалды.

Аяқтамай ойымды
Доғарайын сөзімді,
Көпіртіп өсек ауызын
Қор қылмайын өзімді.

Абайлаңдар адамдар,
Міне осындай достардан,
Болатұғын әп – сәтте
Қара жүрек қастардан.

Құнды сөздің әрқашан
Құлы бола біліңдер,
Сақтануды зұлымнан
Құлаққа мәңгі іліңдер.

Ақыл – кеңес бергенім
Әмір емес естіге,
Қателеспей дос табу
Оңай емес, ешкімге...!
оның бойынан осы қасиеттер табылмаса болғаны! Не айтса да бетіңе айтар дос жақсы,сатпайтын дос жақсы.....қиындықта жаныңа демеу болар дос-нағыз дос!.....
...