Қазақстанның жеті кереметіне нені жатқызар едіңіз?

+1 дауыс
2.9k қаралым
Әлемнің жеті кереметі сияқты, Қазақстанның жеті кереметіне нені жатқызар едіңіздер?
Жалпы сұрақ

3 жауап

0 дауыс
Бәйтерек!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+3 дауыс
Қазақстанның кереметтерін санай берсе, 7-ден асырып жіберуге де болады.  
Дегенмен «Үш қиян» газетінде Қазақстандағы жеті кереметті ұсынған болатын. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, таңбалы тас суреті, Маңғыстау жерасты мешіттері, Алтын адам, домбыра мен киіз үй және Астанадағы «Бәйтерек» монументі.
Дегенмен республика тұрғындары ғаламтор арқылы байқау ұйымдастырып, таңдаған тарихи ескерткіш, табиғи мекендер мен архитектуралық құрылыстың тізімі жарияланып та жатты.
Сонымен, жеңіп шыққан «Қазақстанның жеті кереметіне» үңілсек.
1. Оғыландыдағы Бекет-Ата жерасты мешіті (2124 дауыс берілген)
2. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (1485)
3. Сауран қалашығы (594)
4. Қаратау жотасы (412)
5. Қазақстандағы ең терең Қарағия ойпаты (405)
6. Шерғала (369)
7. Астанадағы Бәйтерек монументі (284).
Келіссеңіздер де, келіспесеңіздер де, бұл ендігі халық таңдауы!
0 дауыс

олар:Таңбалы тас суреттері,Алтын адам,домбыра, киіз үй,Қожа Ахмет Йасауи кесенесі,Маңғыстау жер асты мешіттері,Астана-Бәйтерек

127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы