+2 дауыс
843 көрілді
Қазірде жастардың интернетке, ақпараттық технологияларға қызығушылығы артқандығы соншалық, мектептердегі информатика сабақтарында өтілетін бағдарламалар тым жеңіл сияқылды. Қазірде мектеп жасы түгілі, бала бақшаға бармайтын бала да компьютерді қосып, өшіруді жақсы біледі.  Сіздің ойыңызша, мектептердегі информатика пәнінің бағдарламасына нені, қандай бағдарламаларды үйретуді, үйренуді қосуға болады? Яғни, мектептегі информатика сабақтарына көңіліңіз толады ма?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаман деп те , жақсы деп те айта алмаймын.
Шыңына келетін болсақ, онша көңілім толмайды.
5 жастағы бала білетін нәрселерді айтады.
Мәселен, 7 сыныпта Paint-пен жұмыс істейді. Бұл не сұмдық?!
Ал егер,  қосатын болсақ, сайт жасауды, бағдарлама орнатуды, компьютермен толық жұмыс істеуді, слайд жасауды - осының бәрін бастауыш класстарынан бастап үйрету керек.
Бірақ, біз оны ешқалай өзгерте алмаймыз ғой, сұрақ-жауап сайтына жазғанымызбен.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА бойынша іске асып жатыр.
Сіз қатты қателесесіз!!!
Оның несі қате?
Шыңдықты айтқаным үшін бе?
0 дауыс
Информатика пәнінің бағдарламасы болашақта өзгере жатар бірақ дәл қазіргі күнде өзгертуге болмайды. тек сағатын көбейтіп айтылатын тақырыптың көлемін ашу керек. Информатик замандастар білетін болар бір ғана ВОРД программасының қаншама мүмкіндігі бар. ал оны кім біліп жатыр. Интернеттен жазып алған пираттық дискіден амалдық жжүйені қондырғанына агентте хат алмасқанына мәз. мына жерге келіп білгішсінетіндерді түсінбеймін. қарапайым офисте дені дұрыс құжат жаза алмайтын адамдар толып жүргенде оқу бағдарламасынан офистік бағдарламаларға арналған сағат санын қысқартуды көтеріп жатсыңдар. сайт жазуды арнайы білімі барларға қалдырыңдар. соның өзінде олардыңда келістіріп жатқаны шамалы. ЖОО-да информатика пәнін оқытуды жетілдіру қазіргі заман талабы. әр бір мамандыққа байланысты арнайы бағдарламма жасақталуы керек.
Өзгерту қажет, себебі бұл мүмкіншіліктердің барлығын мектеп оқушылары тұрмақ бала-бақшадағылар біледі...........
0 дауыс
Бұл сауалыңыз орынды қойылды! негізі компьютерлік білім беруді бастауыш мектептерден бастағанымыз Қазақстанның болашақ жастарын жаңа қарқынмен дамып келе жатқан дуние жүзілік білім саласына қалыптасуына үлкен алға сүйреушіліктің бірі болары хақ! негізі ИНФОРМАТИКА пәнін 2- не 3- сыныптардан бастаған дұрыс деп ойлайм өз басым(Медициналық талаптар сақталуы қажет)! ал жоғарғы сыныптарда офистік бағдарламаларды(PowerPoint, Exel,Word) толық оқытуды енгізсе, ал 10- және 11-сыныптарда маман тандауына байланысты әр баланың қалауы ескерілетіндей етіп мемлекеттік білім бағдарламасын өзгертіп, информатика пәнін белгілі бір бағыттармен өткізсе деген өз пікірімді айтар едім!
Информатика пәнін 2-3  сыныптан бастау?? Өзі де солай ғой...
...