+1 дауыс
518 көрілді
Сәлеметсіздер ме, қадірлі жамағат! Сіздердің көмектеріңіз өте қажет болып тұр, маған жалпы Павлодар облысында, сонымен қатар Павлодардың кейбір жерлерінде,мысалы: Баянауыл, Қашыр, Бесқарағай сияқты көптеген жерлерінде қандай жануарлар бар, солар туралы мәлімет керек,суретімен бірге.Басқа облыстікі керек емес, тек қана Павлодар облысының жануарлары туралы мәлімет қажет.Жауаптарыңызды асыға күтемін!!!

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі. [осыдан алдым][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%B2%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D1%80_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B#.D0.96.D0.B0.D0.BD.D1.83.D0.B0.D1.80.D0.BB.D0.B0.D1.80_.D0.B4.D2.AF.D0.BD.D0.B8.D0.B5.D1.81.D1.96
Менде осы жануарлар туралы мәлімет бар, кесіртке, борсық, жылан туралы мәлімет бар ма, суреттерімен бірге болса, жақсы болар еді.
Белгісіз
"осыдан алдым дегенге кірші соның ішінде әр жануардың үстінен бассаң жеке тоқталып өткен сол арқылы оқып біліп ал. Оның бәрің мында копия жасасам ужас боп кетет оқып алсай кірда.

Ұқсас сұрақтар

...