+4 дауыс
2.3k көрілді

12 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап

Әрине,өте жақсы куйде болмайтынымыз анық қой...Бірақ ол адамға өшпенділікпен қарау артық болатын шығар...Себебі,оның уәдесінде тұра алмауыныңда белгілі бір себептері бар шығар...

келісемін........
+7 дауыс
Екіншіде оған жақындап, уәде алмауға тырысамын. )))
+8 дауыс

Арине, жаман боласын. Егер адам берген уадеде тура алмаса,уаде берудин кажети жок кой.  

+6 дауыс

Біреудің сөзінде тұра алмайтынынан менің күйім өзгермейді, тек ол адамның екі сөйлейтінін келесі жолы ұмытпауға тырысамын... "Уәдеңе берік бол" деген сөз бар, демек уәде беру "ойыншық" емес... мен үшін...

+4 дауыс
айко мен келісем

Сені түсінбеймін інім?! неге сен  басқалардың пікірімен келісесің? сенің  осы сұраққа аз да болса  өз   ойыңмен жауап бере аларлықтай  ой-санаң бар емес пе?!  осындай жауаптарың жиілеп кеткенін көріп жүрмін. бұл менің ойымша дұрыс емес. егер сен басқа сайт қолданушысының жауабымен келіссең, сол жауаптың астында "пікір қалдыру" деген бар. сол жерге жазып келісетініңді білдірсең болады!

+4 дауыс
Әрине жаман күйде болатын едім. Өйткені мен оған маған 1 апта ішінде ГТА 4 ойынын әкеліп берші уәде бересін бе деп айтсам ол ия десе 1-аптаны босқа өткізгенім үшін қатты өкінетін едім. Соңдықтан жаман күйдемін.!
1 аптадан кейін әкеліп беріп тұрса ше???  сенің бұндай жауап бергеніңе таңданып тұрмын! өйткені мен ГТА 4  ойыны туралы жазбаған едім! "сондықтан жаман күйдемін" депсің?! бұл түсініксіз,  осы сөздерді жазған уақытта бір жайсыз жағдай болған сияқты. менің ойымша...
+2 дауыс
Онша мән бермеймін,себебі ол адам уәде берген кезде ак оның орындалатын,немесе орындалмайтын уәде екенін біліп тұрамын.
+3 дауыс
Айтылған сөз атылған оқ. Жігіттің екі сөйлегені өлгені. Айтқан сөзіне жауап бере аламайтын, Сөйлесе сөзінде тұрмайтындарды жек көрем.
+1 дауыс
Егер уәдесінде тұрмаса, қатты ызаланам(envy)
+1 дауыс
*Уәдесінде тұрамаған адамға*  *(((* *осындай күйде болам..бір түрлі,қатты көңілім қалады((.Ендігі қанша жерден уәде берсе де,ол адамға деген сенімсіздік пайда болар еді менде(((*
0 дауыс
Ол берілген уадеге байланысты. егер өте маңызды жұмыс болса онда ол уадені орындай алмайтындығы жөнінде алдын ала ескертуі керек. олай етпесе көніл күйің төмендеуі әбден мүмкін.
өзім берген уадемді мумкіндігінше орындауға тырысамын, қажет болса келісілген уақытты созылатындығын ескертемін және қолымнан келмес шаруаға уаде бермеймін.
0 дауыс
Ол берген уәдесінің қаншалықты маңыздылығына байланысты. Егер ол бір жәй әңгімеден, әзілден не бәсекеден шыққан уәде болса, "уәдеңде тұрмадың ғо, өтірікші"-деп жәй ғана қалжың ретінде қабылдаймын. Егер, маңызды бір шаруаға байланысты уәде болса, онда оның бірінші себебін тыңдап алар едім. Шындыққа жанасса, түсінемін әрине. Егер өтірік сылтау екенін байқасам, онда ол адам менің сенімімнен шығып қалады. Ренжімеймін де, тек аузымен орақ оратындардың қатарынан деп есептеймін.
...