Ол берген уәдесінің қаншалықты маңыздылығына байланысты. Егер ол бір жәй әңгімеден, әзілден не бәсекеден шыққан уәде болса, "уәдеңде тұрмадың ғо, өтірікші"-деп жәй ғана қалжың ретінде қабылдаймын. Егер, маңызды бір шаруаға байланысты уәде болса, онда оның бірінші себебін тыңдап алар едім. Шындыққа жанасса, түсінемін әрине. Егер өтірік сылтау екенін байқасам, онда ол адам менің сенімімнен шығып қалады. Ренжімеймін де, тек аузымен орақ оратындардың қатарынан деп есептеймін.