0 дауыс
638 көрілді
ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 2 АЛҒАН 10 БАЛА СУИЦИДКЕ БАРЫПТЫ ДЕГЕН ШЫН БА,ОҒАН КІМДЕР КІНӘЛІ

1 жауап

–1 дауыс
Өз басым бұл жаңалықтың шын өтірігін білмеймін, дегенмен баланың өз өзін өлтіруге дейін жетуіне ешқандай да ҰБТ-ны кінәлауға болмайды дер едім.
Біріншіден, оқыған бала - өзінің тиісті бағасын алады, оқымай, тамыр-таныстықпен, жасыл қағазбен дос болсам өтем деп ойлайтындардың да күші өмірлік емес, елді алдағанымен, өзін алдай алмайды.
Екіншіден, жарайды, келісейік, ҰБТ сынақ, оқушы тек мектеп бітіруге сынақ тапсырмайды, болашаққа сынақ тапсырады, осы кезде ата-анасы қамқор болып, оқушыны шыдамға шақырып, төзімді, сабырлы қылып тәрбиелеуі керек, көбіне бұл жерде ата-аналар артынан оқушының білімінің аздығына назар аудармай, мұғалімдерді де кінәлап жатады. Бірақ, баламның жағдайын жасайын деп, қолынан қақпай, сұрағанын алып беріп үйреткен ата-ана баласының әр уақытын қалт жібермей қадағалайтынына сенімді емеспіз ғой.
Үшіншіден, ҰБт-ны енгізген жоғарыдағы аға-апаларымыз да кіналі емес, тек тест нәтижесі бойынша мектеп бітіру аттестатын берумен келіспеймін.
Жасөспірімдер арасында қазірде суицидтің бел алуы - өте өкінішті. Тым еркелетіп, бетінен қақпай үйренген бала сәл қиындық болса, сынғыш келеді, адамның иманы мықты болуы керек қой, шыдамды болуы керек. Тест тапсыра алмады деген сөзден намыстанып, басқа бағыт (қол жұмсау) таңдап жатқан жастар тек өз бастарын ғана ойлап, туған-туыс, ата-анасына салқындық танытар өзімшілдікке жол бермеуі керек. Пікірімде қатты айтылған ойлар болса, түсінулеріңізді, қабылдауларыңызды өтінем. Сайтта мектеп жасындағы оқушылар бар, оқысын, мына жерде мына апай былай жазыпты деп сынай жөнелмей, өз-өзімізді сабырлылыққа, білімділікке үйретейік!!!
Ұнамай жатыр ма, шындық болған соң?))
салем, мен де солай ойлаймын, бірақ бүны біз шешпейміз гой,ол адамның өзіне байланысты әлсіз болып кішкентай ғана сынаққа шыдамаса өмір сүріп не керек, сіз ҰБТ болашак өмірінді шешеді дейсіз, сіз кателесесіз ҰБТ университетке кіретін билет сияқты, ал 125 сұраққа тіреліп калған ештеңе жоқ, білімі бар адам кайда болса да, бір күні білінеді,  өткір қылыш сап түбінде жатпайды,
...