+2 дауыс
20.7k көрілді
Маған мына жануарлар: күзен, сарышұнақ, қарсақ,  сияқты жануарлар жөнінде мәлімет керек еді, дәл қазір.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сарышұнақ   (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, тиіндер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл, шөлейтті аудандарды мекендейтін 6 түрі (зорман, ұзынқұйрықты сарышұнақ, үлкен сарышұнақ, қызылұрт сарышұнақ, кіші сарышұнақ және реликт сарышұнақ) бар. Бұлардың тұрқы 14 — 40 см, құйрығының ұз. 4 — 25 см, салм. 100 — 150 г. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың. Құлақ қалқаны кішкентай, көзі үлкен, алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғынан қысқалау, артқы аяғы бес саусақты. Жоғ. жақ сүйегінің оң жағында да, сол жағында да 5 азу тісі, төм. жағында 4 азу тісі болады. Тіршілік әрекеті көбінесе күндіз басталады, ін қазады. Жылына 6 — 9 ай ұйықтайды. Шөптесін өсімдіктермен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден 14-ке дейін ұрпақ әкеледі. 5 — 6 жыл тіршілік етеді. Сарышұнақ — дәнді дақылдардың зиянкесі, оба, сарып ауруларын таратады. Сарышұнақтың кәсіптік маңызы бар, терісі бағалы түрі - зорман.[1]
 
  Қарсақ (лат. Vulpes corsac) – ит тұқымдасы, түлкі туысына жататын жыртқыш аң. Өсімдікке бай ойпаң, аңғарлы сайларда, тау етегінде қоныстанады. Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң. Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді. Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады. Қарсақ жылына екі рет түлейді (көктемде және күзде). Тереңдігі 1 – 2 м, ұзындығы 4 – 6 м ін қазып алып, сонда тіршілік етеді. Кейде түлкі, борсық және суырлардың ескі індерін де пайдаланады. Қарсақ қорек іздеуге таңертеңгі және кешкі мезгілде шығады. Негізгі қорегі – тышқан, тоқалтіс, құмтышқан, саршұнақ, суыр, қоян, т.б. Сондай-ақ, қарсақтар тасбақаны, құсты, жыланды, кесірткені де жейді. Қарсақ жыныстық жағынан 9 – 10 айда жетіледі. Жылына 1 рет күшіктейді. 2-ден 16-ға дейін, негізінде 3-6 күшік табады[2]. Қазақстанның далалы аймағында ақпанда, ал шөл-шөлейтті аймақтарында қаңтардың аяғында шағылысады. 52 күннен кейін 2 – 16, көбіне 3 – 6 күшік туады. Қарсақ – өте бағалы терісі үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң. Қарсақ – құтыру мен оба ауруларын таратушылар.[3]

 Шұбар күзен (лат. Vormela peregusna) — сусар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Дене тұрқы — 27—35 см, құйрығы 11—20 см. Түсі шұбар, қара сары дақты. Басы, төсі, бауыры, жауырыны, аяқтары қара қоңыр. Тұмсығы қысқа, құлағы үлкен дөңгелектеу. Қазақстанның оңтүстігінде таралған. Дала, шел, шөлейт аймақтарды мекендейді. Әр түрлі індет тарататын кемірушілермен, құстармен, олардың жұмыртқасымен қоректенеді. Тамыз— қыркүйекте ұйығып, 5 ай көтеріп, ақпан—наурызда 3—8 күшік туады. Кейінгі кезде тың жерлерді жыртып және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды көп қолданғандықтан Шұбар күзен азайып кетегі, сол себепті қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996).[1]
Шұбар күзеннің биологиясы аз зерттелген. Кемірушілермен қоректеніп, пайда келтіреді. Саршұнак, сұр тышқан, құм тышқан молырақ кездесетін шөл және шөлейт өңірлерде тараған. Облыс жерінде Қаркаралы , Нұра (Шошқакөл алабы) ауданында кездеседі.[2]
ал суреті бар ма? суретімен болса жақсы болар еді.
Белгісіз
Сарышұнақ
![enter image description here][1]


Қарсақ
![enter image description here][2]


Шұбар күзен

![enter image description here][3]


  [1]:
  [2]:
  [3]:
Көп көп рахмет сізге.Алла жар болсын!!!
Белгісіз
+1 дауыс
Күзендер (лат. Mustela) – сусар тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейтін 7 түрі: сарғыш күзен, аққалақ, ақкіс, сары күзен, еуропа қара күзені, сасықкүзен, су күзені бар. Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13 – 53 см, салм. 0,1 – 2,2 кг. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 – 12-ден (кейде 19 – 20-дан) балалайды. К-дердің ішінде ең ірісі – дала К-і (M. eversmannі), оның тұрқы 29 – 52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық К. деп те атайды. К. – терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді.

Дүниесі:    Жануарлар
Жамағаты:    Хордалылар
Табы:    Сүтқоректілер
Сабы:    Жыртқыштар
Кіші сабы:    Caniformia
Тұқымдасы:    Mustelidae
Кіші тұқымдасы:    Mustelinae
Тегі:    Mustela


Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, тиіндер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл, шөлейтті аудандарды мекендейтін 6 түрі (зорман, ұзынқұйрықты сарышұнақ, үлкен сарышұнақ, қызылұрт сарышұнақ, кіші сарышұнақ және реликт сарышұнақ) бар. Бұлардың тұрқы 14 — 40 см, құйрығының ұз. 4 — 25 см, салм. 100 — 150 г. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың. Құлақ қалқаны кішкентай, көзі үлкен, алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғынан қысқалау, артқы аяғы бес саусақты. Жоғ. жақ сүйегінің оң жағында да, сол жағында да 5 азу тісі, төм. жағында 4 азу тісі болады. Тіршілік әрекеті көбінесе күндіз басталады, ін қазады. Жылына 6 — 9 ай ұйықтайды. Шөптесін өсімдіктермен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден 14-ке дейін ұрпақ әкеледі. 5 — 6 жыл тіршілік етеді. Сарышұнақ — дәнді дақылдардың зиянкесі, оба, сарып ауруларын таратады. Сарышұнақтың кәсіптік маңызы бар, терісі бағалы түрі - зорман.

Дүниесі:    Жануарлар
Жамағаты:    Хордалылар
Табы:    Сүтқоректілер
Сабы:    Кеміргіштер
Тұқымдасы:    Sciuridae
Тайпасы:    Marmotini
Тегі:    Spermophilus



Қарсақ (лат. Vulpes corsac) – ит тұқымдасы, түлкі туысына жататын жыртқыш аң. Өсімдікке бай ойпаң, аңғарлы сайларда, тау етегінде қоныстанады. Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң. Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді. Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады. Қарсақ жылына екі рет түлейді (көктемде және күзде). Тереңдігі 1 – 2 м, ұзындығы 4 – 6 м ін қазып алып, сонда тіршілік етеді. Кейде түлкі, борсық және суырлардың ескі індерін де пайдаланады. Қарсақ қорек іздеуге таңертеңгі және кешкі мезгілде шығады. Негізгі қорегі – тышқан, тоқалтіс, құмтышқан, саршұнақ, суыр, қоян, т.б. Сондай-ақ, қарсақтар тасбақаны, құсты, жыланды, кесірткені де жейді. Қарсақ жыныстық жағынан 9 – 10 айда жетіледі. Жылына 1 рет күшіктейді. 2-ден 16-ға дейін, негізінде 3-6 күшік табады[2]. Қазақстанның далалы аймағында ақпанда, ал шөл-шөлейтті аймақтарында қаңтардың аяғында шағылысады. 52 күннен кейін 2 – 16, көбіне 3 – 6 күшік туады. Қарсақ – өте бағалы терісі үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң. Қарсақ – құтыру мен оба ауруларын таратушылар.

Дүниесі:    Жануарлар
Жамағаты:    Хордалылар
Табы:    Сүтқоректілер
Сабы:    Жыртқыштар
Тұқымдасы:    Canidae
Тегі:    Vulpes
Түрі:    V. corsac
сізге де көп-көп рахмет.Алла жар болсын!!!
Белгісіз
...