0 дауыс
5.0k көрілді
Достар! Мен Актобе каласына колледжге окуга туским келед. Бирак кайсысына тусеримди билмеймин. Сосын колледжде 9 битиргендерге грант бола ма? журналистика мамандыгы бойынша.
Тагы мени мазалайтын бир сурак - колледжде мектептин программасымен бола ма? Ягни мен есеп-кисабы жок жерге баргым келед. Ал колледждерде барлык сабакты бирге окытад екен. Озиннин мамандыгынан баска пандерди. Кыскасы, кандай жаксы колледж бар Актобе каласында маган жауапка жазасыздар ма? Алдын-ала РАХМЕТ!

3 жауап

0 дауыс
Ақтөбе медициналық колледжінің

2011 – 2012 оқу жылына

қабылдау ережесі.

1. Жалпы ереже

1. - Ақтөбе медициналық колледжіне ҚР Білім министрлігінің 2007 жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасы орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығының негізінде жасалған.

                  - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007      жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру орындарына оқуға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылы 21 мамырдағы №289 бұйрығы.

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007      жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру орындарына оқуға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Білім және министрлігінің 2009 жылғы  8 маусымдағы №278 бұйрығы.

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007      жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру орындарына оқуға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Білім және министрлігінің 2010 жылғы  28 қыркүйектегі №466 бұйрығы.

            2. Ақтөбе медициналық колледжіне Қазақстан Республикасының негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақ ұлтынан азаматтар, және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңымен оқуға қабылданады.

Мемлекеттік білім беру сұранысымен конкурстық негізде ақысыз кәсіптік білім беру алғаш рет осы деңгейге білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

 Шетелдіктерге мемлекеттік білім беру сұранысымен ақысыз кәсіптік білім беру конкурстық негізде Қазақстан Республикасының халықаралық келісім–-шарттарымен анықталады.

3. Оқуға түсерде Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылы 28 наурыздағы №296 «Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейін және жоғарғы білім беруде кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсерде қабылдау квотасын енгізу туралы» бекітілген қаулысымен қабылдау квотасы қарастырылған.

3.1. І және ІІ топтардағы мүгедектер, бала кезінен  мүгедектер, мүгедек – балалар

       арасынан шыққан азаматтар үшін – 0,5 пайыз.

3.2. Соғыс ардагерлеріне және соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер

       бойынша теңестірілген тұлғалар үшін – 0,5 пайыз.

3.3. Ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар

       бойынша ауыл (село) жастар арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз.

3.4. Қазақстан Республикасының  азаматтары  болып табылмайтын ұлты қазақ

       адамдар үшін – 2 пайыз.

3.5. Жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған  балалар үшін –

       1 пайыз.

4. Кәсіптік (бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік), жақын мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар азаматтар екінші орта кәсіптік білім алу үшін ақылы негізде қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша білім алуға құқылы. Оқуға қабылдау білімі туралы құжаты бар болған жағдайда әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.

 

2. Құжаттарды қабылдау мен қабылдау емтихандарын өткізуді ұйымдастыру.

5. Колледжде қабылдау жұмысын ұйымдастыратын қабылдау комиссиясы

1 маусымнан бастап жұмыс жасайды.

6. Азаматтардан өтініш қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін күндізгі бөлімге, 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін кешкі бөлімге жүргізіледі.

7. Талапкерлер өтінішке қоса білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №086 – У медициналық анықтамасын (1-2 топтағы мүгедектер медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының қортындысын), 4 -3х4 фотосуретін.

ҰБТ қорытындысы туралы сертификаты (ҰБТ сертификаты) (осы жылы жалпы орта білім беру ұйымдарының ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектері) немесе кешенді тесттілеу сертификаты (жоғары оқу орындарына түсу үшін осы жылы кешенді тесттілеуге қатысқан бұрынғы жылдар түлектері) бар азаматтар қабылдау емтиханынан босатылады және 11 пунктте көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

Жеке басын куәландыратын куәлік немесе паспорты көрсетіледі.

Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке, ата-аналарымен немесе заңды тұлғалармен ұсынылады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені турапы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:

шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

босқын - босқынның куәлігі;

паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;

оралман – оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.

Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірме және көші-қон карточканың көшірмесін көрсетеді.

Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.

            8. Тестілеу түрінде қабылдау емтихандары мына азаматтар үшін жүргізіледі:

8.1. Жалпы орта білімі барлар (ағымдағы жылда халықаралық оқушылар алмасу жүйесі бойынша шет елде жалпы білім беретін оқу орындарын бітірген өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқығандар, республикалық музыкалық мектеп интернат түлектері, бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітіргендер, сонымен қатар өткен жылдар түлектері) жалпы орта білім оқу бағдарламасы көлемінде кешенді тестілеу түрінде қабылдау емтиханын тапсырады.

08.06.09 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру басқармасының хабарлама хатына сәйкес колледжге оқуға түсу үшін ҰБТ сертификатының болуы міндетті емес. Таңдау талапкердің өзіне тиесілі.

Жалпы орта, мамандық бейне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша  өткізіледі, келесі мамандықтар үшін:
0 дауыс
0301000 – «Емдеу ісі»

           Біліктілігі:

           0301013- «Фельдшер»

            0301023 – «Акушер»

 

            0303000 – «Гигиена және эпидемиология»

           Біліктілігі:

           0303013- «Гигиенист эпидемиолог»

            0304000 – «Стоматология»

           Біліктілігі:

           0304023 – «Дантист»

 

            0307000 – «Ортопедиялық  стоматология»

           0307013- «Тіс технигі»

 

            0302000 – «Сестралық іс»

           Біліктілігі:

           0302033 – «Жалпы практика мейірбикесі»

 

            0305000 – «Лабораториялық диагностика»

           Біліктілігі:

           0305000- «Медициналық лаборант»

-       Биология

-       Қазақстан тарихы

-       Қазақ  және орыс тілі

Арнаулы пән – биология

Мына мамандықтар үшін:

            0306000 – «Фармация»

          Біліктілігі:

          0306013 – «Фармацевт»

-       Химия

-       Қазақстан тарихы

-       Қазақ  және орыс тілі

Арнаулы пән – химия

8.2. Негізгі және жалпы білімі бар азаматтар 2 пән бойынша емтихан тапсырады.

            Мына мамандықтар үшін:

            0301000 – «Емдеу ісі»

           0304000 – «Стоматология»

           0302000 – «Сестралық іс»

           0305000- «Лабораториялық  диагностика»

-       Биология

-       Қазақ  және орыс тілі

Арнаулы пән – биология.

Қабылдау емтихандары (тестілеу) күндізгі бөлім  1-28 тамызға дейін, кешкі бөлімі 1 тамыздан  25 қыркүйекке дейін өтеді.

Әр пән бойынша тестік тапсырмалар – 30. Әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Үш пәннен тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән  бойынша 1сағат 30 минут беріледі.

 Дұрыс жауап кодтары тестілеу біткеннен кейін ілінеді. Тест қорытындылары өткізілетін күні хабарланады.

             9. Қабылдау емтихандарының қорытындысына келіспеген талапкерлердің шағымдануға құқығы бар. Апелляция қабылдау комиссиясына емтихан біткен соң 1 тәулік ішінде қабылданады және шағымданушының   қатысуымен комиссия талдайды.

            10. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

3. Оқушылар құрамына қабылдау.

 

            11. Колледжге қабылдау күндізгі оқу бойынша конкурстық негізде 25 тамыздан 30 тамызға дейін, кешкі бөлім бойынша 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін өтеді.

Конкурс өткізу:

-       бір тұтас ұлттық тестілеу қорытындысы сертификаты баллының негізінде.

-       Жоғары оқу орнына қабылдау емтиханының қорытынды сертификаты баллы негізінде.

-       Оқу орнында жүргізілген қабылдау емтиханының тестілеу қорытындысының баллы негізінде.

Конкурс өткізуде ҰБТ немесе жалпы тестілеу сертификаты ережесіне, 8.1.,

8.2. тармағына сәйкес үш пәннің қорытынды баллы ескеріледі. Конкурсқа 2 пәннен 30 баллдан төмен алғандар, орта білімі барлар 3 пәннен 35 баллдан төмен алғандар қатыспайды.

            12. Техникалық және кәсіптік білімді мамандар дайындауға мемлекеттік сұраныс бойынша қабылдау кезінде өткізілетін конкурста мыналарға баса назар аударылады:

1. «Алтын белгімен» марапатталғандар;

2. Жалпы білім беретін пәндерден халықаралық олимпиада және ғылыми жарыстардың жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі диплом иегерлері), білім беру саласының құзырлы ұйымдары анықтаған тізім бойынша соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары  (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі диплом иегерлері), таңдаған мамандықтары бойынша олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыстарға қатысқан пәндері сәйкес келген жағдайда,  ағымдағы жыл бойынша жалпы білім пәндерінен республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі диплом иегерлері).

Мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізгенде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттар болған жағдайда):         

            - жетім балалар;

            - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

           - І және ІІ топ мүгедектер, жас кезден болған мүгедектер, әлеуметтік медициналық комиссия қорытындысына сәйкес медициналық колледжде оқуға тыйым салынбаған мүгедек балалар;

            - үздік белгімен бітірген білімі туралы құжаты (куәлік, аттестат, диплом) барлар.

            Колледжге қабылдау ашық қабылдау комиссиясы отырысында мамандық, бөлімше, оқыту тілі бойынша өтеді.

            13. Колледжінің қабылдау комиссия басқа медициналық колледждер мен басқа жоғары оқу орындарына конкурстан өте алмағандарды мемлекеттік сертификат негізінде және колледждің барлық қабылдау емтихандарынан кейін сол жерде қабылданған үлгінің анықтамасына сәйкес қабылдауды жүргізуге құқылы.

14. Әр 10 күн сайын бекітілген формаға сәйкес қабылдау комиссиясы облыстық білім басқармасына статистикалық есеп беруі керек, ал тіркелген соң 10 күн ішінде оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру бойынша тексттік есеп беріледі.
қандай жақсы ақпарат,осының пед турі барма?
0 дауыс
http://www.gkkp-amk.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1&Itemid=2 осыны көрші бәрі жазылғанн
оййй ошибка ғой(
...