Ақтөбе медициналық колледжінің
2011 – 2012 оқу жылына
қабылдау ережесі.
1. Жалпы ереже
1. - Ақтөбе медициналық колледжіне ҚР Білім министрлігінің 2007 жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасы орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығының негізінде жасалған.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру орындарына оқуға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылы 21 мамырдағы №289 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру орындарына оқуға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Білім және министрлігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы №278 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылы 29 қарашадағы №587 «Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру орындарына оқуға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Білім және министрлігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №466 бұйрығы.
2. Ақтөбе медициналық колледжіне Қазақстан Республикасының негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақ ұлтынан азаматтар, және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңымен оқуға қабылданады.
Мемлекеттік білім беру сұранысымен конкурстық негізде ақысыз кәсіптік білім беру алғаш рет осы деңгейге білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.
Шетелдіктерге мемлекеттік білім беру сұранысымен ақысыз кәсіптік білім беру конкурстық негізде Қазақстан Республикасының халықаралық келісім–-шарттарымен анықталады.
3. Оқуға түсерде Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылы 28 наурыздағы №296 «Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейін және жоғарғы білім беруде кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсерде қабылдау квотасын енгізу туралы» бекітілген қаулысымен қабылдау квотасы қарастырылған.
3.1. І және ІІ топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек – балалар
арасынан шыққан азаматтар үшін – 0,5 пайыз.
3.2. Соғыс ардагерлеріне және соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер
бойынша теңестірілген тұлғалар үшін – 0,5 пайыз.
3.3. Ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар
бойынша ауыл (село) жастар арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз.
3.4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ
адамдар үшін – 2 пайыз.
3.5. Жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін –
1 пайыз.
4. Кәсіптік (бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік), жақын мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар азаматтар екінші орта кәсіптік білім алу үшін ақылы негізде қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша білім алуға құқылы. Оқуға қабылдау білімі туралы құжаты бар болған жағдайда әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.
2. Құжаттарды қабылдау мен қабылдау емтихандарын өткізуді ұйымдастыру.
5. Колледжде қабылдау жұмысын ұйымдастыратын қабылдау комиссиясы
1 маусымнан бастап жұмыс жасайды.
6. Азаматтардан өтініш қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін күндізгі бөлімге, 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін кешкі бөлімге жүргізіледі.
7. Талапкерлер өтінішке қоса білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №086 – У медициналық анықтамасын (1-2 топтағы мүгедектер медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының қортындысын), 4 -3х4 фотосуретін.
ҰБТ қорытындысы туралы сертификаты (ҰБТ сертификаты) (осы жылы жалпы орта білім беру ұйымдарының ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектері) немесе кешенді тесттілеу сертификаты (жоғары оқу орындарына түсу үшін осы жылы кешенді тесттілеуге қатысқан бұрынғы жылдар түлектері) бар азаматтар қабылдау емтиханынан босатылады және 11 пунктте көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын куәлік немесе паспорты көрсетіледі.
Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке, ата-аналарымен немесе заңды тұлғалармен ұсынылады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені турапы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;
оралман – оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірме және көші-қон карточканың көшірмесін көрсетеді.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.
8. Тестілеу түрінде қабылдау емтихандары мына азаматтар үшін жүргізіледі:
8.1. Жалпы орта білімі барлар (ағымдағы жылда халықаралық оқушылар алмасу жүйесі бойынша шет елде жалпы білім беретін оқу орындарын бітірген өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқығандар, республикалық музыкалық мектеп интернат түлектері, бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітіргендер, сонымен қатар өткен жылдар түлектері) жалпы орта білім оқу бағдарламасы көлемінде кешенді тестілеу түрінде қабылдау емтиханын тапсырады.
08.06.09 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру басқармасының хабарлама хатына сәйкес колледжге оқуға түсу үшін ҰБТ сертификатының болуы міндетті емес. Таңдау талапкердің өзіне тиесілі.
Жалпы орта, мамандық бейне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша өткізіледі, келесі мамандықтар үшін: