Мүгедектерді кресло-арбамен қамтамасыз ету
Мүгедектерді кресло-арбамен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары әзірлеген мүгедектерді оңалту бағдарламасы (бұдан әрі - МОБ), мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша өтінімдерінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектер МОБ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен кресло-арбалармен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жабылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектерге кресло-арбалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың келісімімен басқа тұлға, сонымен қатар мүгедек балалардың заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөлімдеріне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
- мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
- жазатайым жағдай туралы акті және жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның жабылуы туралы құжат.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: кресло-арба алуға арналған құжаттардың ресімделуі (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарлама алу.
Ескерту: бөлмелік креслолар мүгедектерге жеті жылға, серуендеу креслолары төрт жыл пайдалану мерзіміне беріледі.
2
Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету
Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына (бұдан әрі - ЖОБ) сәйкес мүгедектер протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіледі:
- протездік-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектерді протездеу-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды қолдануды үйретуден тұрады;
- протездік-ортопедиялық көмек мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
- жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіледі. Жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жабылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөлімдеріне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
- мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға арналған мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – белгіленген үлгідегі куәлік;
- Ұлы Отан соғысына қатысушылары үшін – тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның протездік-ортопедиялық көмек беру қажеттілігі туралы қорытындысы;
- жұмыс берушінің кінәсінан еңбек жарақатын алған немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болған мүгедектер үшін жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жабылған жағдайда – жазатайым жағдай туралы акті және жұмыс берушінің жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылуы немес заңды тұлғаның жабылуы туралы құжат.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беруге арналған құжаттардың ресімделуі (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарлама.
3
Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету
Мүгедектерді сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштердің және МОБ негізінде қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
- мүгедек балалар;
- бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер.
Қызметті алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне жүгіну қажет, сурдотехникалық құралдарын алу үшін өтініш пен келесі құжаттар ұсынылады:
- қызмет алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат, мүгедек балалар үшін –жеке басын куәландыратын құжат, бір ата-ананың (қамқоршы, қорғаншы) жеке басын куәландыратын құжат;
- кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
- мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – Ұлы Отан соғысына қатысушының (мүгедектің) куәлігі;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін – жеңілдікке құқық белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;
- бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
- Ұлы Отан соғысына қатысушы үшін – медициналық ұйымның дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге сурдотехникалық құралдарын беру құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.
4
Кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларды сөйлеу процессорларымен қамтамасыз ету
Сөйлеу процессорын кохлеарлы импланттарға ауыстыру және баптау қызметі кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын сатып алу, ауыстыру және баптаудан тұрады.
Сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметі мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі
Кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балалардың сөйлеу процессорларын ауыстыру сөйлеу процессорлары орнатылған (ауыстырылған) күннен бастап бес жыл өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Кохлеарлы имплантаттың бұрын берілген сөйлеу процессорын ауыстыру кезінде оны ұйымға қайтару қажет.
Кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын ауыстыру қажеттілігі, сонымен қатар кохлеарлы имплантаттарға орнатылатын сөйлеу процессорларының түрлері (модель) сурдологиялық кабинеттерде / орталықтарда кохлеарлы имплантациясын іріктеу комиссиясымен анықталады.
Комиссия құрамы мен жұмыс тәртібі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының бұйрықтарымен бекітіледі.
Сөйлеу процессорын ауыстыру қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысы сөйлеу процессорының түрін (моделін) көрсетумен тексерілген тұлғаның қолына (немесе оның заңды өкіліне) беріледі.
Сөйлеу процессорын ауыстыруды қажет ететін кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балалар (олардың заңды өкілдері) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
- мүгедек баланың жеке басын куәландыратын құжат;
- ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат (қамқоршысының, қорғаншысының);
- жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;
- МОБ-ның әлеуметтік бөлімінен үзінді;
- комиссия қорытындысы;
- тұрақты мекенжайы (мекенжай анықтамасы немесе село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы) бойынша тіркелуді растайтын құжат.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
5
Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету
Бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштердің және МОБ негізінде қамтамасыз етіледі.
Тифлотехникалық құралдарды қажет ететін бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне өтініш жазады және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге тифлотехникалық құралдарды беру құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.
6
Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету
Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен өтініштердің және МОБ негізінде қамтамасыз етіледі.
Міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне өтініш жазады және келесі құжаттарды ұсынады:
- қызмет алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
- мүгедек балалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат, бір ата-ананың (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжат;
- жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке басын куәландыратын құжатта ЖСН болмаған жағдайда;
- МОБ-нан үзінді;
- нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін бірге ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: мерзімдерін көрсетумен мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдарын беру құжаттарының ресімделуі туралы хабарлама.