0 дауыс
10.4k көрілді
Чехия туралы жазыңыздаршы,ПРАГА туралы.

3 жауап

0 дауыс
Чехия (чех. Čеско, ресми аты Чех Республикасы - чех. Čескá репұбліка) - орталық Еуропадағы мемлекет. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан Австро-Венгрия мемлекеті құлап, 1918 жылы Чехия, Словакия және Карпатасты Русі бірігіп, тәуелсіз Чехословакия республикасын құрады. 1993 жылдың 1 қаңтарында Чехословакия бейбіт түрде екі тәуелсіз мемлекет - Чехия мен Словакияға бөлініп кетеді. Чехия республикасы 1999 жылы НАТО, 2004 жылы Еуропалық Одақ мүшелігіне енді. Вацлав Гавел (чех. Вáцлав Һавел; 5 қазан 1936, Прага —17 желтоқсан, 2011)— Чехословакияның соңғы президенті, Чехияның алғашқы президенті (1989–1992). рага (чех. Праһа (ЫПА: [ˈpraɦa]) - Еуропаның кіндігі, жүрегі деп саналатын Чехия елінің астанасы. Прага – көнеден сыр шертетін шаһар. Берлиннен, Венадан, Мадрид, Цюрихтан және Еуропаның көптеген қалаларынан ересек көрінеді. Ғасырдан ғасырға сырғып келе жатқан бағзы үйлердің кейпін жергілікті тұрғындар өзгертуге құмар емес, өйткені оның әрбір тасы тұнып тұрған, шежіре. Прагада не көп, аңыз көп. Көне Праганың көшелері өте тар. Ол тоғызыншы ғасырда пайда болған. Көне қаланың бәрі қорғаннан басталады, оның ірге тасын Чех князь Борживой қалаған. Бүкіл қала жұртын алақанына ұстайтын жер Прага Кремль, немесе Әулие Виттің соборы және Байырғы патша сарайы мен Әулие Георгийдің костелі. Бұлар ЮНЕСКОның қамқорлығына алынған. Көне Праганың ауыз толтырып айтатын жері көп. Бірақ соның ішінде ойыншықтар мұражайы ойып тұрып орын алады. Бұл мұражай әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Бурграф сарайында орналасқан. Осы мәдени ошақтың ішінде әр дәуірден сақталған ойыншықтар бар.
 Влтава өзені
 Карл көпірі.
Прага дегенде Чехияның сырасы қатар жүреді «У Флеку» деп аталатын сыра зауытының 500 жылдық тарихы бар. Прагалықтардың мақтанышы Карл көпірі Еуропадағы жаяу жүргіншілер жүретін ең әдемі әрі ең мықты көпір.
Сурет:Фром тһе Цһарлес Брідге ін Прагұе.жпг
Карл көпірінен.
Ол 1357 жылы 9 шілде де 5 сағат 31 мин. салыныпты. Орта ғасырдың алхимиктері мен астрологтары құрылысты бастаудың дәлме дәл уақытын тапты деседі. Нанбасаңыз қайталайық 13579531. Тақ сандар – бір деңіз, екіншіден сандық көрсеткіш әуелі ұлғайып барып, шегіне жетеді де, кейін қайтады. Неге тақ сандар ды қалаған екен оны ешкім білмейді . Ал көпірдің қирамай түрғанына 600 жыл, астралогиялық болжам бойынша әлі де 400 жыл ақаусыз сол қалпында тұра береді екен.
Прага өз мемлекетінің кіндігі өйткені, астаналық Прага өз қалаларының ортасында орналасқан. Кез келген қаласына санаулы сағатта-ақ жетуге болады. Ең қашығы Острава – 340 км. Қала көліктерінің іщінде метро, трамвай, автобустан өзге фуникулер дейтін де көлік жүреді. Финукерлер ылғидан дөңге, яғни қыр-қыраттарға сыммен тартылған бункер арқылы қатынайды. Прага қаласы өзінің сұлулығымен туристердің назарын аударады.
Мәлімет көзі әдеттегідей [Википедия ғой][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%B0%D0%B3%D0%B0
Көп рахмет көмегіңізге!!!!!!!!
Оқасы жоқ, қажетіңізге жараса болғаны...
0 дауыс
[Чехия туралы][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A7%D0%B5%D1%85%D0%B8%D1%8F
Сізге де көп рахмет!
+1 дауыс
Чехия туралы толық ақпаратты http://kazorta.org сайтынан жүктей аласыз

Ұқсас сұрақтар

...