+1 дауыс
432 көрілді
10.06.2012 Түркияда болған жер сілкінісі жайында толық мәлімет керек. Оның "Banana Club" демалыс орнына(лагерь) әсері болды ма?

1 жауап

+3 дауыс
Түркияның батысында бейсенбі күні кешкісін болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны төрт есе өсіп, 80 адам жараланды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

 Бұрын алдын ала екі адам деп хабарланған болатын.

 АҚШ-тың Геологиялық қызметінің сайтында айтылғандай, жер сілкінісінің ошағы бейсенбі күні жергілікті уақытпен 23.15 кезінде (00.15 мск жұма күні), 4,6 километр тереңдікте қайнаған. Оның эпицентрі Кютахия провинциясы Симав уезінде болған. Алдын Босфор университетінің авсерваториясы жер сілкінісі 5,9 магнитуда болғанын айтып, соңынан Түркияның төтенше жағдайлар департаменті 5,7 магнитуданы құрады деп анықтаған.

 Жер асты толқындары Түркияның батысындағы көптеген аудандар мен орталығында, сонымен қатар Стамбұлда сезілген. Кютахиядағы сағат таңғы 6-ғы жер сілкінісінен кейін 50-ге жуық төмен магнитудадағы тербелістер сезілген, сонымен қатар Босфор университетінің авсерваториясы өз сайтында 4,6,магнитуданы құрайды деп хабарлаған.

 Кютахиядағы жер сілкінісін көргендердің айтуынша, толқындар қатты болып, үйлердің терезелері сынып адамдар алғашқы секундтарда не істерін білмей тұрып қалған, деп хабарлаған CNN-Turk пен NTV телеарналарынан.
...