+1 дауыс
12.4k көрілді
1.көміртек жалпы сипаттама
2.тұз қышқылын индикатормен сына
3.20 г Ca ауада жанса қанша оксиді түзіледі?
4.Ca металымен 4 г оттек әрекеттессе шығатын заттың массасы
5.Ca оттекпен әрекеттессе 56 г калъцйй оксиді түзіледі.оттектің массасын есепте
6.тұз қышқылыны сапалық реакция
7.этилен
8.метан жанғанда 8 г оттек жұмсалды.Түзілген газының қалыпты жағдайда көлемін есепте
9.CaCl күкірт қышқылы арасындағы ион алмасу реакциясын аяқта
10.мыс сулъфатының ерітіндісіне 4г Na гидроксидін күйі қанша тұнба түзіледі
11.фосфордың оттекті қосылыстары
12.K=KOH=KCl=KNO3 осы өзгерісті жүзеге асыр
13.қышқылдар құрамы атауы
14.240 г Al2(SO4)3 қанша мөлшерді құрайды
15.катализатор деген не?
16.тұнба түзілетін молі алмасу
17.ингибитор деген не?
18.көмірсулар
19.натрий мен хлор арасындағы реакцияны тотығу-тотықсыздану процесімен көрсет
20.металдардың кернеу қатары
21.CO2 газының ауа бойынша тығыздығын есепте
22.метанның гомологтық қатары
23.Al2O3 затының 20 г берілген,зат мөлшерін есепте
24.мұнай өнімдерін ата
25.SO2 газының ауа бойынша тығыздығын есепте
26.темір? атом құрылысы
27.400 г темір хлоридінің зат мөлшерін есепте
28.электролиттер бейэлектролиттер
29.изотоп деген не?
280 г AlCl3 тұзының зат мөлшерін есепте

2 жауап

+2 дауыс
12. K=>K0Н=>KCl=>KNО3
1. K+NаОН=KОН+Nа
2. K0H+СаСl2=KСl+Са0Н
3. KСl+HNO3=KNO3+HCl
+1 дауыс
Кейбір тапқандарымды жаздым. Қалғандарын білмедім.

*1.*Көміртек II период, IV топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 6. Оның ядросында 6 протон мен 6 нейтроны бар, электрондары да алтау. Олар екі қабатқа былай бөлініп орналасады: 1s22s22р2 (көміртектің электрондық формуласы) Органикалық химия көміртектің қосылыстарын зерттейтін болғандықтан, бұл элементті толығырақ қарастырайық. Көміртек химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 6-элементі.

*6.*H2+Cl2-тең-2HCl

*7.*Этилен, Этен, Ch2=Ch2 – органикалық қосылыс. Э. эфир иісті, түссіз газ, балқу t –169,5С, қайнау t –103,8С, суда нашар, эфирде жақсы ериді. Ауада жарқыраған жалын шығарып жанады да, көміртек қос тотығын және су түзеді: C2H4+3O22CO2+2H2O. Э. – реакцияласуға қабілетті, оның хим. қасиеттеріне молекуласындағы қос байланыс әсер етеді, сондықтан қосып алу, полимерлену реакциясына бейім.

*15.*Катализатор–химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын зат

*17.* Ингибитор - тамақ өнімдерін дайындаған кезде әр түрлі бактериялардың дамуын алдын алатын немесе тежейтін химиялық заттардьщ жинақтық аталуы, соның әсерінен стандартты сапалы өнім алынады

*26.*Темірдің қоспалары кебінесе Ni, Co, Cu; аздаған Mn, С, S, Р, Pt, As т. б. болады. Табиғатта химиялық құрамы өте күрделі болып кездесетін элементтердің бірі — темір. Бірақ кейін жүргізілген химиялық анализге қарағанда теллурлық темір көбінесе таза болып шыққан. Оның қоспасында орта есеппен 0,6%-ке дейін Ni, 0,4%-ке дейін Cu, 0,3%-ке дейін Co болған.

*28*.Электролит - белгілі бір мөлшердегі концентрацияда, электрлік токты өткізетін иондары бар, сұйық немесе қатты зат.
Бейэлектролиттер – ерітінділері электр тогын өткізбейтін, ерігенде иондарға ыдырамайтын полюссіз байланысы бар бейорганикалық және органикалық қосылыстар. Мыс., оттек, азот, қант, эфир, спирт, глицерин, т.б. Ерітінді қасиеті құрамындағы жекеленген бөліктердің қасиетінен өзгеше болады. Ерітіндіні сипаттайтын қасиеттерге: осмостық қысым, қату және қайнау температуралары, бу қысымы, т.б. жатады. Бейэлектролиттердің сұйық ерітінділері мен заттардың газ күйінің арасында ұқсастық барын алғаш рет голланд ғалымы Я. Вант-Гофф байқаған (1887). Ол газ күйге арналған теңдеуін ерітінділер үшін де қолданған. Бейэлектролиттердің қату және қайнау температураларындағы өзгеріс Рауль заңымен сипатталады.

*29*.Изотоп– бір химиялық элементтің нуклиді, яғни атомдық нөмірі бірдей, бірақ массалық саны әр түрлі белгілі бір элемент атомдарының түрлері.(Жақсы жауапты таңдасаң?)
РАХМЕТ!!!!!!!!!
...