Тарих, Заман | 5.1k қаралды
Кіші жүз масқар шежіресі туралы толығырақ мәлімет. Кіші жүз масқар шежіресі толығырақ?

1 жауап

Масқар — *қазақ халқының құрамындағы ру.Тарихи әдебиетте Масқар руының шыққан тегі беймәлім. Шежіре бойынша,Кіші жүздің байұлы тайпасы құрамына енетін он екі рудың бірі. Тарихи деректерге қарағанда орта ғасырларда М-лар батыс Моңғолияны мекендеген түркі тайпаларының құрамында болған. Сондай-ақ М-лардың кейбір аталары қарақалпақ пен түркі өзбектерде кездеседі. Ұлы жүздің шанышқылы руында да М-лар бар. М-дан — құттықадам және масақ тарайды. Біз дон қойған бірденбір дерек мынадай. Батыс Монғолия халықтарының арасында хотондар (дорбет тайпасыиың бір бөлігі) тұрған. А. Н. Самойлович оларды түріктер деп санаған. Хотондардың өздері де өздерін түріктер деп санайды. Потанин жазып алған хотондардың жеті руының арасында масқар руы кездеседі. Осы түрік руының бір бөлігі батысқа кетіп, сонан соң өз атымен қазақ халқының құрамына қосылуы әбден мүмкін. Масқар руында қырықсадақ бөлімшесі бар. Қарақалпақтар тайпасының кендеклі руы, өзбек локайлар бөлімшесі және шанышқылы тайпасының бір руы да (Ұлы жүз) дәл солай аталады. Рудың таңбасы: > , У. (Левшин, Гродеков, Мейер бойынша).* Ұраны «Қаратай» *(Тынышбаев* *бойынша); Кеппен* «Майлыбай» *деп атайды, бірақ бұл дұрыс емес.*
Жақсы Жауап
121,549 сұрақ
310,607 жауап
153,256 пікір
69,661 қолданушы