0 дауыс
8.6k көрілді
Досым үйленетін еді. Құттықтау сөз қажет болып тұр. Сөздің түбін түсіретін құттықтау болса. Сайтта жазылғандардан басқа болса. Сайттағыларды қарап шықтым. Сондада бір сіздерден сұрап көруді жөн көрдім. Жаңалары мүмкін бар шығар.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Аяқ екеу,қолда екеу
Көз жанары олда екеу,
Екеу қаста,құлақта
Жүрек жалғыз бірақта
Жүрек шіркін іздейді екен егізін
Тыңдаңдаршы махаббаттың осындай бір лебізін- дей отыра міне сол ғашықтар бірін-бірі тауып шаңырақ көтеріп жатқан жайы бар. Құрметті Бәленше Бәленше сіздерді заңды некелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра құрдастар атынан бүтін миллионды табыс етуге рұқсат етіңіздер!!! (құрдас атынан соңынан сөйлесеңіз)
Үлкен рахмет!
+1 дауыс
Кұрметті, жас жұбайлар!
Бүгінгі той сіздерге кұтты болсын,
жүрегі екі жастың отты болсын.
Отауы бала менен жанға толып,
Сыйластық пен кешірім мықты болсын!!!
Рахмет Гүлзауре!
0 дауыс
Оқасы жоқ. Ұнаса болар.Жақсы тойлаңыз!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Гулзауре оқасы жоғыңызды kz_aidar - дың пікіріне жазасыз , жарай ма? )
Белгісіз
+1 дауыс
Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!
[Толығырақ ...][1]


  [1]: http://kuttybolsyn.kz/d1241st1199rli-tojlar1171a/1198jlenu-tojy/
көп-көп рахмет!
0 дауыс
Уйлену тойга туган кайініме тілек ішіне ата енеде болсын жаксы тілек керек
...