+1 дауыс
40.2k көрілді
Емтихан сұрақтары.
1) Тоқырау жылдарындағы Қазақстан (1960-1980 жылдар арсында)
2) Әбілқайыр хандығы.
3) 1989 жылғы  Жаңаөзен оқиғасы.
4) Тас дәуірі.
5) Қазақстандағы 1916 жылғы  Ұлт-азаттық қозғалыстың басталу себебі; осы тақырыптар бойынша жауап бере аласыздарма?

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
Кезеңдері

Қазақстанның тас дәуірі мына кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:
Палеолит

Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық.
Мезолит

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.
Неолит

Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.
Ерекшелігі

Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.
Ертедегі тас дәуірі

Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.
+1 дауыс
Әбілхайыр хандығы, Көшпелі өзбектер мемлекеті - орта ғасырлардағы қып-шақ мемлекеті. Әбілхайыр хандығы 1428 жылдан 1468 жылға дейін өмір сүрді. Деш-ті Қыпшақтағы (Ақ Ордада) Жошы үрпақтары арасын-дағы өзара соғыстарға байла-нысты Шайбани әулетінің саяси басымдыққа қол жет-кізуі нәтижесінде қүрылған. 1428 жылы Ақ Орда ханы Барақтың өлімінен соң, Әбіл-хайыр хан таққа отырды. Әбілхайыр хандығы батысын-дағы Жайықтан шығысын-дағы Балқашқа дейінгі, оңтүстігіндегі Арал мен Сыр-дарияның төменгі ағысынан, солтүстігіндегі Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейін-гі аумақты алып жатты. Хан-дықтың астанасы алғашында Батыс Сібірдегі Тура (Тара, Чимги Тура) болып, кейін, 1446 жылы, Сыр бойындағы Сығанаққа көшірілді. Әбіл-хайыр хандығы қүрамында қоңырат, маңғыт, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлүқ, таңғүт, үиғыр, таи-мас, бүркіт, қият, кенегес тайпалары болды. Әскер қүрамында қыпшақтар, ой-раттар, мажарлар да қызмет еткен. Әбілхайыр хандығын-да аталың (көкілташ), диуан, қази, инақ, наиб, әмир-и шикар, жасауыл, михман-даруға, худай, мубашир, басқақ сияңты лауазым ие-лері маңызды рол атқарды. Хандық қүрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзген, та-ғы басқа қалаларда қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәс-түрлі мал шаруашылығы да-мыды. 1457-1459 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбіл-хайыр ханнан бөлінуі Әбіл-хайыр хандығының ыдыра-уына әкеліп соқтырды. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін мемлекет жеке үлыстарға, иеліктерге ыдырап кетті.
+1 дауыс
Жаңаөзен оқиғасы — 1989 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды. Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты
0 дауыс
Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.
0 дауыс
ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ДАМУДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ

 

Социалистік елдердегі демократиялық бетбұрыстар көрінісі. КОКП-ның ұлт саясатында ұстанған бағыты. 1977 жылғы КСРО, 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциялары. КОКП және Қазақстан Коммунистік партиясы.

Социализмнің кеңестік жолына наразылық көріністері. Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды.
0 дауыс
http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстандағы_ұлт-азаттық_қозғалыстар Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар
0 дауыс
барлық жауаптарыңызға рахмет!!!!!!(inlove)(hi)(y)
0 дауыс
Социалистік елдердегі демократиялық бетбұрыстар көрінісі. КОКП-ның ұлт саясатында ұстанған бағыты. 1977 жылғы КСРО, 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциялары. КОКП және Қазақстан Коммунистік партиясы.

Социализмнің кеңестік жолына наразылық көріністері. Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды.
0 дауыс
ХХ ғасырдын бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы
...