Әбілхайыр хандығы, Көшпелі өзбектер мемлекеті - орта ғасырлардағы қып-шақ мемлекеті. Әбілхайыр хандығы 1428 жылдан 1468 жылға дейін өмір сүрді. Деш-ті Қыпшақтағы (Ақ Ордада) Жошы үрпақтары арасын-дағы өзара соғыстарға байла-нысты Шайбани әулетінің саяси басымдыққа қол жет-кізуі нәтижесінде қүрылған. 1428 жылы Ақ Орда ханы Барақтың өлімінен соң, Әбіл-хайыр хан таққа отырды. Әбілхайыр хандығы батысын-дағы Жайықтан шығысын-дағы Балқашқа дейінгі, оңтүстігіндегі Арал мен Сыр-дарияның төменгі ағысынан, солтүстігіндегі Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейін-гі аумақты алып жатты. Хан-дықтың астанасы алғашында Батыс Сібірдегі Тура (Тара, Чимги Тура) болып, кейін, 1446 жылы, Сыр бойындағы Сығанаққа көшірілді. Әбіл-хайыр хандығы қүрамында қоңырат, маңғыт, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлүқ, таңғүт, үиғыр, таи-мас, бүркіт, қият, кенегес тайпалары болды. Әскер қүрамында қыпшақтар, ой-раттар, мажарлар да қызмет еткен. Әбілхайыр хандығын-да аталың (көкілташ), диуан, қази, инақ, наиб, әмир-и шикар, жасауыл, михман-даруға, худай, мубашир, басқақ сияңты лауазым ие-лері маңызды рол атқарды. Хандық қүрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзген, та-ғы басқа қалаларда қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәс-түрлі мал шаруашылығы да-мыды. 1457-1459 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбіл-хайыр ханнан бөлінуі Әбіл-хайыр хандығының ыдыра-уына әкеліп соқтырды. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін мемлекет жеке үлыстарға, иеліктерге ыдырап кетті.