+4 дауыс
1.5k көрілді

Би-шешендерімізден бастап Абайға дейінгі әдебиет өкілдерінің ойлы өлең-жырлары, шешендік сөздері болса (мүмкін болса 6-8 жолдан кем болмаса), осы  жерге жаза аласыздар ма? Рахмет алдын-ала!

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
www.adebiet.kz  қарап көрші
Рахмет, бірақ одан да басқа керек еді. Ол жердегінің бәрін дерлік қарап шықтым...
+1 дауыс
Ескі журналдарда көп болады...... Ауылда үйде көп кішкене кезімізде көп оқытатын мағыналары ғана есімде сөзбе сөз білмеймін...... Кешір...... Егер мүмкін болса кітапханадан немесе мұрағаттан  жалын журналының 89-95 жылғы номерлері сұрап көр (мүмкін бұндай номер жоқ шығар ұмтып отырмын)
0 дауыс
Бота, қажетіңе жараса мен бір халық нақылын жазып көрейін.Жарап жатса жауап жаз, жазатын нәрсе табылады, оқып, көңілге тоқитын жан табылса, сонымен;

Жақсының бір қасиеті - елін, туған жерін қадірлей, қасиеттей білуі. Халықтың ,елдің, жердің қадір, қасиетін олармен етене жақын араласта болғанда білесің. Елден оқшауланып, тоғышар күй кешіп, өзін ғана ойлайтын жандарға айтылған халықтың мынандай бір шешендік тұжырымы бар:

-"Шөлде өскен дуадақ,
Көп қадірін білмейді.
Көлде өскен қоңыр қаз,
Шөл қадірін білмейді.
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен,
Ел қадірін білмейді"- деген,қазақ халқы ауыз-әдебиетке өте бай халықпыз.
Жауабыңызға көп рахмет! Әрине, мұндай ақылды сөз әркімнің де қажетіне жарары анық!
...