Бота, қажетіңе жараса мен бір халық нақылын жазып көрейін.Жарап жатса жауап жаз, жазатын нәрсе табылады, оқып, көңілге тоқитын жан табылса, сонымен;
Жақсының бір қасиеті - елін, туған жерін қадірлей, қасиеттей білуі. Халықтың ,елдің, жердің қадір, қасиетін олармен етене жақын араласта болғанда білесің. Елден оқшауланып, тоғышар күй кешіп, өзін ғана ойлайтын жандарға айтылған халықтың мынандай бір шешендік тұжырымы бар:
-"Шөлде өскен дуадақ,
Көп қадірін білмейді.
Көлде өскен қоңыр қаз,
Шөл қадірін білмейді.
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен,
Ел қадірін білмейді"- деген,қазақ халқы ауыз-әдебиетке өте бай халықпыз.