0 дауыс
950 көрілді
16 жастан любительский права көлік жүргізуге береді деп естідім сол рас па? Қызылорда облысынан алу?

3 жауап

0 дауыс
Мен Шымкентте тұрамын. Бірақ анам сол обл.ГАИ-да жұмыс істейді. Ол ала алмайды дейді.(shake)
0 дауыс
Қазір любительский берілмейді, тек профессионалдық права ғана: В санатынанбастап. Оны автомектепте оқып алады әрине, бірақ 16 жастан праваға оқығанда берілетін куәлік 2 жылға жарайтын көрінеді. 18-ге толғанда экзамен тапсырып қана права ала салуға болад. Оған дейін үлкен серьезный ойыншық -  мопедпен жүруге тура келетін шығар. :)
+1 дауыс
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығымен бекітілген Көлiк құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және оларды басқару құқығына арналған куәліктерді беру ережесінің 11-бабына сәйкес көлiк құралдарын басқару құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн: - он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты); - он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiнің орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi; рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С"санаты) жүргiзуге; - жиырма бір жасқа толғандарға - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орындығынан басқа отыратын орны сегiзден артық автомобильдердi ("Д" санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге; - көлік құралының санатына сәйкес келетін кемінде он екі ай басқару өтілі бар болған жағдайда, "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлiк құралдарын басқару құқығы бар адамдарға тiркемелi көлiк құралдарын жүргiзуге ("Е" санаты ).
...