Келесі құжаттар қажет:
1.Тесттен өтетін төлем түбіршегін өткізеді (ҚР халық банкінің төлем түбіршегісіз құжаттар қабылданбайды);
2.Білім беру мекемесін (жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік)бітірген туралы құжат (аттестат немесе диплом).
3. 3х4 көлемдегі 2 дана фотосурет.
4. Жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.
Техникалық хатшы құжаттардың сәйкестігін тексеру қажет. Егер талапкер 16 жасқа толмаған жағдайда ол мектептен анықтама алып келуі қажет ( К-00 формасы).
Құжаттарды тапсырғаннан кейін талапкер техникалық хатшыдан қолхат алады және тіркеу журналына қол қояды. Өтініш бланкін толтырғаннан кейін талапкер қол қояды. Келесі күні рұқсат парағы беріледі.
Рұқсат парағында талапкер туралы толық мәлімет бар, талапкер берілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Егер талапкер өзінің мәліметінде қате болған жағдайда өзгерістерді енгізуге талап етеді. Егер талапкер емтиханды мемлекеттік тілде тапсырса, онда оған рұқсат парағы мемлекеттік тілде беріледі.