+1 дауыс
794 көрілді
Қылмысқа, заңға байланысты бағдарламалардың тізімі қажет, аты, қай телеарнада. Мысалы, "Рейдер" немесе "Астарлы ақиқатты"да жатқызуға болады. Тағы қандайлары бар?

4 жауап

0 дауыс
Қазақстан Ұлттық арнасынан болатын Қылмыс пен Жаза деген бағдарлама
Иә қылмыс пен жаза аптасына бір рет болып отырады??
+1 дауыс
ҚЫЛМЫС пен ЖАЗА  ( 40 әріптен кем болмасын)
+1 дауыс
*Мүмкін емес*те де кейде қылмыстар туралы айтылады.
Өмір болған соң, қызығы мен шыжығы, қуанышы мен қайғысы қатар жүреді емес пе?..  Тек бір өкініштісі - адамзаттың осындай олқы оқиғаларды қолдан жасауы. Қоғамда орын алып жатқан кей әрекеттерді адам жасады дегенге сенбейсіз де... Себебі, қазақтың, қазақылықтың сипаты -бауырмалдығында, қонақжайлығында, «үлкенге құрмет, кішіге жасаған ізетінде», «ата тұрып ұл сөйлегеннен, ана тұрып қыз сөйлегеннен безген» кісілігінде.  
Ендеше, бүгінгі қоғамда жақынын ренжітіп, жатты жағалағандарды,  баласын тастап, ата-анасынан безген безбүйректерді, өз баласын аяусыз соққыға жыққан әкелерді, баласын өлтірген аналарды жиі кездестіруімізге не себеп? Адам етін жеген айуандардың, адам жанын ойыншыққа айналдырған қаныпезерлердің қатары неге көбейіп барады? Түсініксіз.Таңданасыз. Сенбейсіз...  

Себебі, айуаннан ақылымен, сана сезімімен ерекшеленетін адамзаттың бұндай қатыгездікке баруы  мүмкін еместей.
Десекте, шынайы өмірде орын алып жатыр және сирек емес.  Бұл – қоғам дерті. Ал «ауруын жасырғанның өлетіні» тағы белгілі.

“Еларна” телеканалы қолға алған «Мүмкін емес...» ток-шоуы қоғамда орын алған осындай оқыс оқиғаларды, жекелеген тағдырларды баяндап, оқиғаға түрткі болған жәйтті анықтауға тырысады. Айдың күннің аманында өз ағайынын, өз бауырын, өз баласын жамандыққа қиған не жағдай? Қоғамның қатайып, адамының суып бара жатқанына не себеп? Кім кінәлі? Неге бұлай болды және әрі қарай не істемек керек? 

Студияға жиналған сарапшылар  дәл осыны түсіндіреді, талдайды. Сондай-ақ, сансыз сауалға жауап табуға тырысады, қоғамда енді орын алмауына шақырады. Ал, ток-шоудың тізгінұстары – біліміне, білігі сай, жас та болса, бас болуға лайық “Болашақ” қозғалысының төрағасы, саясаттанушы Дәурен Бабамұратов.  

Ендеше, әр аптаның жексенбісінде, кешкі сағат 20.00-да  Ел арнада «Мүмкін емес...» бағдарламасын тамашалаңыздар! Көріңіздер, көңілге түйіңіздер! Жақсыдан үлгі алып, жаманынан жиреніңіз, ағайын! 
+3 дауыс
"Человек и Закон"-Бірінші арна Евразия
"Қылмыс пен Жаза"-Қазақстан ұлттық арнасы.
"Рейдер"-КТК арнасы
"Полицейский патруль"-СТВ
"Астарлы ақиқат"-КТК
"Мүмкін емес"Ток шоу-Ел Арна
Рахмет )
...