+1 дауыс
1.7k көрілді
ҰБТ тапсырып едім. Мына мамандықтардың қайсысын таңдарымды білмей жатырмын.
Электроэнергетика, Ақпараттық жүйелер (Информационная система), Тау кен. Қайсысынна сұраныс көп және айлығы көп.

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақпараттық жүйелер бір кездері осында түскім келген, тіпті осы мамандықты жаздымда, бірақ айта кететін жәйт қазір не көп бағдарламашы көп. Бітіріп алып жұмыс таба алмай жүргендері қаншама. Айлығы шамамен орта есеппен 70-80 мың теңге, бұрындары 100 мыңнан астам деп айтатын қазір бұл маман иелері жиі бағалана бермейді. Сондықтан қосымша табысыңыз болмаса бұл мамандық нан тауып жеуге жеткілікті емес. Электроэнергетика жақсы мамандық айлығы шамамен 100 мыңдай орта есеппен, оның әртүрлі салалары бар және соған сәйкес айлығы төленеді. Бірақ өте қауіпті мамандық. Тау кен бұлда жаман емес, бірақ жер астына түсетін болғандықтан, радиоактиві, улы заттармен жиі кездесетін болғандықтан жалақысы өте жоғары. 100 мыңның арасында. Кәдімгі шахтерлер ғой бұлар. Ақыр тау кен ісін жазғалы отыр екенсіз сізге қосымша металлургия мамандығында ұсынамын. Тау кен ісіне қарағанда бір ерекшелігі бұл мамандар заводтарда жұмыс істейді. Жер асытына түсудің қажеті жоқ... Жалпы 500 гранты бар, оның ішінде 380 қазақ топтарына арналған гранттар. Айлығы орта есеппен 100-150 мыңның арасында. Өзім осы металлургияда 2 курста оқимын оқимын. Осында оқып жүріп қазіргі таңда металлургтардың аса үлкен сұранысқа ие екендігін байқадым. Осы жақында ғана Казцинк компаниясынан шақырту алдым. Қазір сонда сабақтан кейін сабақ оқимын, жұмыс істеймін, практика жүзінде барлығын көріп жүрмін. Олар оның есесіне маған стипендия, жалақы төлейді. Негізі бұлда аса қауіпті жұмыстардың бірі. Иә мамандық таңдау өз еншіңізде. Және болашақ мамандығыңызды таңдауда қателеспейсіз деп сенемін... Жүрегіңіз бірінші қайсысын қалайды соны бірінші жазыңыз.  Болашақта өкініп қалмас үшін қайсысына ебіңіз бар, икеміңіз бар, соны таңдаңыз. Ертең босқа бітіріп ап құр жататын диплом қажет емес. Ал сәттілік талапкер.... Жақсы маман атануыңызға тілектеспін....
Ияя.. Металлургия жақсы мамандық. Президентіміздің бастамасы ғой.
Ия. Назарбаев қана емес Қонаевта металлург.
+2 дауыс
Менің ойым электроэнергетика саласын таңда дер едім.Сұраныста жоғары,айлығы да көп
+2 дауыс
Грант утып алу ушiн 4 мамандыкты жазу керек кой дурыс па? Сол 4еуiнiн балл жеткенiне тусесiн. Онда сол Электроэнергетика, металлургия, жылу энергетикасы ОСЫ 3-еуi жаксы дер едiм. Багдарламашы туралы Айдардын жазганымен толыктай келiсемiн, жумыс табу киындау. Озiм Жылу энергетиканын 2шi курсын бiтiрдiм.
Жауап кыска арi казакша арiптерсiз болганы ушiн кешiрiм сураймын. Уялы телефонмен жауап берген едiм...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
...