+2 дауыс
1.5k көрілді
Ұлты - Қарақалпақ. Мінезі салмақты, өзі көрікті бір жігітті қатты жақсы көрем. Танысқанымызға да онша көп күн бола қоймады. Дәлірек айтсам аяқ асты басталып кеткен махаббат. Менің жігітім бар. Бірақ оны мойындағым келмейді. Жігітім бола тұра "мұнда тұрған не бер, барам да қайтып келем деп" кездесуге шыққан едім басқа жігітке. (Айтпақшы, ол жігітпен агент арқылы таныстым. Бастапқыда онша мән бермей жүр едім. Кейін мән бермегеннің көкесін көрсетті-ау маған!) Дәл сол күннен бастап менің аспаным жерге түсті! Бір көргеннен ұнаттым, артық болса да айтайын мен оны СҮЙІП қалдым. Жігітім бола тұра басқа жігітті керек еттім өміріме! Басқа амалым жоқ, жүрегім сол кісіні қалайды. Өзімнің жігітіммен кездеспегеніме жарты ай болды, қолым бос емес деп, ана жігітті күтем. Кейде неге агент арқылы таныстым екен дегенде өкінішім жоқ емес. Өзімнің жігітім нағыз ер азамат. Мінезі тым жақсы адам. Мені сыйлайды, өлердей сүйеді. Бірақ ортамызда орысша айтсам "старасть" жоқ. Одан басқасының бәрі бар. Ал кездескен жігітіммен арамызда бір үлкен (мен үшін) махаббат басталып кетті. Мені сөге көрмеңіздер, дәл қазір мен "екі кеменің басын ұстап" қай кемені босатып жіберсем екен деген ойда жүрмін. Өзімнің "туған" жігітім нағыз күйеу боларлық. (Күйім болғысы келіп жүргенін қайта-қайта айта береді, мен асыққым келмейді.) Ал, екінші жігіт "мені құлатқан" ол екеуміз әдемі үйлесеміз. Оны жіберсем де, мен оны ұмыта алмаймын! Ең нашар сезім сол екен, жігітіммен телефон арқылы сөйлессем де, соны ойлап, сол айтқан сөздер шығар деп, аңсарым ауып отырады. Не істесем болады? Маған ақыл керек. Жасым елу жастың елу пайызын құрап тұрған шақта, он сегіздің күйін кешем деп ойламаған едім! (Айтпақшы, айта кетейін, мен танысқан жігіт мені онша іздемейді. Яғни сүймейді ғой! Қысқасы, сүймегенге сүйкенгім келмейді, бірақ жібергім де келмейді).

5 жауап

+1 дауыс
Сізді дуалап алған жоқ па?Жалпы ондай махаббат болуы мүмкін емес қой.Қазіргі заманнан бәрін күтуге болады.
+1 дауыс
Жігіті бола тұра, басқа жігітті ойлаған қызға айтарым Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба!  Істеген ісің дұрыс емес екенін ойлан, Төлегеніңнен де айрылып қалмай тұрғанда, Бекежаныңмен қош айтыс!
0 дауыс
не десең де қазақтың жiгiттерiне жетпейдi. Өзi қарақалпақ екен, басқа ұлттың жарылқағанын көргенiмiз жоқ, тағы да сенi сүймейдi екен. Оның ығына жығылсаң ,  ертен құлы боласың!
Мен сүйсем ұлтына қарамаймын, мұсылман болса болғаны. Бірақ көп адамның, оның ішінде жақын адамдарымның айтуынша ол жігіттен қол үзуім керек. Өкінішті. Бірақ, недегенмен мен оны ұмытпаймын ешқашан. Ол керемет адам. Оны әрі түсінемін, сүйе алмайтын адамының жанында жүрмек түгілі, 1 минут тұра алмайды да. Өзімнің басымнан өтіп жатыр ол жағдай. Өз жігітімді сүймейм, іштей әрең жүруге тырысамын. Адамын іздеп, сағынып, жылаған адамдарды түсінемін. Егер оны тастап кетсем оған, көңіліне үлкен жара қалдыратынымды білем. Уақыт келе көрерміз. Мүмкін бауыр басып, сүйіп те қалармын. Оның адамгершілігі үшін оны қатты сыйлап өтемін. Рахмет барлықтарыңызға.
0 дауыс
*Бұл сұраққа жауап жоқ!!! Қыздардың көбі осындай!!! Өзім өмірде - өз өмірімде кездестірдім!!! (u)*
0 дауыс
ооооооооо міне нағыз тауық махаббат деген осы  сонда сен жігітіңнің көзіне бір вагон шөп салдыңба  махаббаттың ішкі заңы болғанда сені ұнату құқығынан айырып тастар еді
...