Тұлға, Адам | 2.2k қаралды
2.2k қаралды
Германияның бұрынғы басшысының өлімі туралы алыпқашпа әңгіме өте көп. "Өзіне өзі қол жұмсағанын" тарих пәнінен білеміз. Алайда одан кейін оның Мексикада өмір сүріп жүргенін көргендер бар екен-міс. Шындық қайсысы? Білгім келеді.

4 жауап

Гитлер көтеріліс жасағаннан кейін Ібіліске бағынған басқа ештене білмеймін міне мынау:

Гитлерді кім өлтірді?

<!--/заголовок-->

Кеңес әскерлері Рейхстагты алған соң, 2 мамырдан бастап Гитлердің мәйітін іздеуге кіріседі. Гитлердің, Ева Браунның, фюрерге көзсіз берілген серігі – Геббельстің және оның әйелі мен алты қызының мәйіттерін 5 мамырда қызыл әскердің барлау қызметкерлері (СМЕРШ) тапқан. Фюрердің қап-қара болып күйген мәйітін тану оңайға түспеген. Мәселенің мәні түсінікті ғой, ол кезде заман қазіргідей емес, криминалистика ғылымы дамымаған. Бүгінгідей компьютерлік техникалар жоқ. Оның үстіне соғыс жүріп жатқан. Ұзақ кеңесуден кейін кеңес әскерилері фюрердің тіс дәрігері Кете Гейзерманның жауаптарын негізге алып, мәйіт Адольф Гитлерге тиесілі деген қорытындыға келеді. Алайда біраз жыл кеңес лагерінде болған К.Гейзерман бостандыққа шыққан соң, өзінің жауаптарынан бас тартқан. Неге олай еткені белгісіз. Мұның бәрі де бір-ақ нәрсені меңзейді: үшінші Рейхтің мәйітін тануда әйтеуір бір кілтипанның болғаны анық. Қазіргі уақытта Гитлердің қалдығына сараптама жүргізген мамандардың барлығы қайтыс болған. Құпияны олар өздерімен бірге ала кетті. Сондықтан ақиқатқа жету әзірге мүмкін болмай тұр.

Гитлер жеті рет жерленген

Рейхсканцелярияның бағынан табылған 10 мәйіт (оның ішінде Гитлер мен Браундікі де бар) бас-аяғы жеті мәрте жерленген. Иә, Гитлер Берлинге таяу Бух, Фин, Ратен, Стендаль қалаларында болып, 1946 жылы Магдебург қаласынан тыныш­тық табады. Тап осы жер Гитлердің мәңгілік моласы болуы керек еді. Алайда арада 24 жыл өткенде жағ­дай тағы да өзгерген. 1970 жылдың 13 нау­ры­зында Кеңес Одағы Мем­ле­кеттік қауіпсіздік коми­те­тінің төрағасы Юрий Андропов бас хатшы

Л.Бреж­невке хат ­жолдап, Магдебург қаласының Герман Де­м­ократиялық Республикасына беріле­тін­дігін, сондықтан ол жерге жерленген Гит­лер мен басқа да адамдардың қалдықтарын қазып алу керектігін хабарлайды. Брежнев бұ­ған келісімін беріпті. Осылайша, КГБ-ның ар­найы шұғыл тобы архив операциясын іске асыруға кіріседі. 4-5 сәуір күндері Ма­где­бург қаласындағы Клаузе­нерштрас­седегі 36-үйдің ауласында жатқан мәйіттер қазып алынады. Саудыраған сүйектер бес жәшікке салынған екен. 5 сәуір күні та­ңертең мәйіттер көлікпен оқу-жаттығу өт­кізетін аулада өртеледі. Гитлер мен оның жа­қындарының күлі Эльба өзенінің жағасына шашып жіберілген. Осылайша, тура мағынасында айтқанда, 1970 жылы фюрер­дің күлі көкке ұшты. Дегенмен Гит­лер­дің өліара шақта аман-есен құтылып кеткендігі жөніндегі күдік әлі қалмай келеді. Мұндай болжамдардың сол 1945 жылдың өзінде-ақ кеңес басшыларының ауыздары­мен айтылғаны таңғалдырады. Мәселен, 1945 жылдың 10 маусымында «Правда» газе­тінде маршал Г.Жуковпен өткен баспа­сөз мәслихатынан хабарлама жарияланған. Мәслихатта журналистер бас қолбасшыдан Гитлердің кейінгі тағдырын сұрапты. Сонда маршал: «Бұл жағдай адам таңғаларлық. Бізге жеткен мәліметтерге қарағанда, Бер­лин тізе бүгерден екі күн бұрын Гитлер ки­ноак­три­са Ева Браунға үйленген. Гитлердің мәйітін таба алған жоқпыз. Сондықтан оның кейінгі тағдыры туралы ештеңе айта алмаймын. Соңғы сәтте ол Берлиннен ұшып кеткен. Оның бұлай істеуіне толық мүм­кіндігі болды», – дейді. Г.Жуков бұл әңгі­мені неге сүйеніп айтты екен?.. 1945 жыл­дың 26 мамырында Сталин АҚШ-тың бір топ саяси өкілімен кездеседі. Осы кез­­десуде Сталин «Борман, Геббельс, Гит­лер және Кребс қазіргі уақытта жасырынып жүр» деген сөзді бірнеше мәрте қайталаған. Сталин мұны не үшін айтты? Жұмбақ...

Гитлердің басы Мәскеуде тұр

КГБ-ның мұрағаттарынан табылған құжаттарға қарағанда, күлі көкке ұшқан Гитлердің басы сақталып қалған. Нақтырақ айтар болсақ, 1945 жылдың 17 мамырында Гитлердің мәйітін тануға байланысты жүр­гізіліп жатқан жұмыстарды бақылау үшін Берлинге Берияның орынбасары, генерал П.Мешик келеді. 23 мамырда Мешик Мәс­кеуге Гитлер мен Е.Браунның бассүйектерін ала кеткен. Фюрердің басы Мәскеудегі КГБ-ның құпия мұражайында сақталып, жуыр­да Ресей мемлекеттік мұрағатының арнайы бөліміне тапсырылған. Қазіргі уақытта Гитлердің бассүйегінің жұрнағы (жақ сүйегі) осы мұрағатта тұр.

Ұнады ма баға бер!

Гитлер немістердің жеңілгенін естіген кезде, жертөлеге кіріп өзін-өзі атып өлтірген деп айтады әйтеуір.

Тарихқа сенсек Адольф Гитлер 1945 жылдың сәуірінде өз бункерінде өз-өзін атып өлтірген, одан соң денесін өртеп жіберген.

Мен бір сайттан оқыдым Гитлердің өлімі отірік ол 1970 жылға дейін өзінің құпия базасы антарктидада өмір сүрген деп! Бұл жөнінде толығырақ www.ufolog.ru сайтынан оқи аласың.
Белгісіз

http://kazprose.wordpress.com/2010/10/02/adolf-hitler/

118,315 сұрақ
305,103 жауап
153,297 пікір
67,444 қолданушы