Кешіріңіздер. Пікірлеріңізді білген соң, өшіріп тастаймын...

+4 дауыс
412 қаралым
Мен қанша күннен бері жауаптардағы қателерді байқап жүрмін. Осы себеппен, "кері байланыс" арқылы маған қосымша мүмкіншілік берулерін сұрайтыным туралы өтініш жаздым. Кей нәрселерге уәде беріп, өтіндім. Қарсы емессіздер ме? Қарсы адамдар да бар сияқты: https://surak.baribar.kz/151929/ "маман" болғаныма қарсы болсаңыздар оны айтыңыздар. Бірақ, сіздерге де, тек қалып кеткен әріптер мен ағылшын әріптерімен жазылған сөздерді туралап, артық қиындық тудырмауға уәде беремін. *Сайт ережесіне қайшы екенін білемін. "Маман" болғаныма толқып, қуанып, бір жағынан сіздердің пікірлеріңізден қорқып тұрмын.*
Р.S қарсы болғандар көп болса, мүмкіншіліктерімді қайтып алуын қайта сұраймын
Алдын ала рахмет!
(sweat)
Жалпы сұрақ Белгісіз

7 жауап

+2 дауыс
Дина! Бұл сайтта маманнан бастап админге дейінгілер не естімеді дейсің? Мамансың ба? Өз дәрежеңе сай бол! Қаталдау бол! Маманның қызметіне айтар өкпе-наздары болса барынша шынайы жауап бер. Сені маманнан түсіруге ешкімнің де қақысы жоқ! Бастысы, жұмысыңды дұрыс атқар!
Сәттілік!
рахмет, рахмет. Ескеремін. Жоқ мен өзім сұрап алдым да... соған...
Бәріміз де өзіміз сұрап алғанбыз, жаным!
ааааа) Дұрыс екен рахмет
О_о  маман , сәттілік ! Жұмысыңды дұрыс атқар ! )
рахмет Гаухар. Айтқаның келсін
Сүйем сені
Кімдііі ? ))
+1 дауыс
неден қорқып тұрсын  МАМАН, өз дәрежене нық сенімді болсан. сөйлегенде анық, яғни басынды тік ұста,
+1 дауыс
Егер сондай  жұмыстарды атқаруға деген құлшынысың болса, қарсы емеспін. Бірақ жұмысыңды тастап қоймасаң болғаны. Сондай-ақ, [кейбір][1] қолданушылар сияқты есіріп кетсең, қатты ренжимін. Сондай ниетің барына рахмет! Сәттілік!! Саған балл жетпей жатса, менікінен алуыңа болады. Админдерге солай айт. Дәрежем қандай екенін білмеймін, ұқпаймын, ұққым келмейді.


  [1]: http://pari.aitaber.kz/profile/
+1 дауыс
Қалай маман болуға болады қанша балл жинасаң,маман боласың.Менің маман болғым келеді
Маман дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет.
+2 дауыс
Дина маман дәрежесі құтты болсын.

Сж сайтына белсенді редакторлар мен мамандар қажет. Сондықтан модераторлар, белсенді, жақсы жауап беріп жүрген қолданушыларды байқасаңыз қысылмай маман дәрежесіне көтере беруіңізге әбден болады.

Редактор дәрежесін алу үшін тіке админге шығыңдар.

Өтініш білдірмес бұрын сіздің резюмеңіз толық ережеге сай келуін қатаң қадағалағаныңыз жақсы болар.

Енді сайт ережесі жөнінде тағы бір гулеп, дұрыстап алсақ жақсы болад еді. әрине инициатива бізден, қалғанының бәрі админге байланысты.

Былтыр шешілмей қалған проблемалар, жазылмай қалған ережелер. толықтырулар мен өзгертулер.

БАН беру жүйесі, сұрақ қою тәртібі, сұрақ қою мәдениеті (: жауаптар мен пікірлерге де қатысты ережелер. Жалпы сайттың қолданушылармен келісім шарты. және ұмытылып қалған басқа да толықтырулар т.б

Тағы бір талқылай кететін жәй жақсы жауаптар санын санаймыз ба әлде жауап беру өнімділігін санаймыз ба. соңғысы дұрыс болатын сияқты.

Сосын, модер, редакторлар бәріміз жабылып тағы бір жазғы сенбілікке шығуды ұсынамын. Санаттарды бөліп алып толық тазалап өңдеп шығу. Жұмбақ қыз қолың бос болса осыны қолға алсаң жақсы болар еді.

Рахмет.
Рахмет Абылай. Сайтың алдағы жағдайына біршама шол ьжасапсың. Ия ең актуалды темалар осы болып тұр. Әділдік болғаны дұрыс. Бірақ меніңше маман дәрежесін қысылмай, ал ребактор дәрежесін қатаң талаптарға қарай бергеніміз дұрыс. Маман тек жауапты өңдей алады, және фулдтарды жасырып қою мүмкіншілігіне ие. Ал Редактор сұрақтарға дейін өңдеп жасыра алады.

Қазіргі кезде ең көп істеу керек мәселе ол Санаттардың ішіндегі Басқа деген санат. Сол санаттың ішіне санатын таңдамай қойылып кеткен сұрақтар көп. Соларды дұрыс санаттарға реттеп шықсақ.
Екінші мәселе бұрын қойылып кеткен сұрақтардың көбісінің жақсы жауабы таңдалмаған. Соған әр Модератор бір санаттан алып алып ішінде шынымен жақсы жауабы бар сұрақтарың жақсы жауаптарын таңдап шықсақ. Себебі сайт ережесіне сайт білгілі бір уақытта сұрақ қоюшы жақсы жауапты таңдамаса біздің таңдау құқығымыз бар деп атап көрсетілген. Тағы да ұсыныстар болса қарсы емеспін. Сайт ережесін бір бөлек, FAQ-ды да бір бөлек іштеріндегі ережелерді реттестіріп шығу керек секілді көрініп тұр маған да.
Сосын Абылай менің ойыма мынадай идея келіп отқаны. Мүмкін СЖ-ны Википедианың концепциясы ретінде өзгертсек қалай болады екен. Сайттағы қолданушылардың барлығына бірінің жауабын бірі өңдей беретіндей етіп. Яғни http://www.quora.com/ сайтының идеясы ұнады. Википедияға жақын, бірақ сұрақ жауап сайты бұл да. Біреудің жауабы толыққанды емес болса мен де өзімдегі бар ақпаратты қосып толықтырып кете аламын. Болмаса Модераторлар Мамандарды көптеп сайтқа жинаса. Сайтта белсенді деген қолданушыларға Маман дәрежесін береміз. Маман саны көп болған соң бір бірінің жауаптарын өңдеп, толықтырып отыра беретін болады. Есесіне толық жауаптар саны артады.
идея шикі. кешке үйге барғасын жақсылап талқылармыз. қазір жұмыста отыр едім ))
Қолға аламын https://surak.baribar.kz/100267/ мында қазір жазып өтемін.
Дұрыс кей бірқ олданушылардың құлшынысы кетпей тұрғанда  маман дәрежесін ұсынсақ қайтеді. Және Модератор мен Редактордың санын артыру .керек
0 дауыс
Дина, негізі ойың,ниетің дұрыс,жолың болсын! Бірақ  мағанасыз,қате жазылған, жалпы көріп қалсақ өшірілетін сұрақтарға жауап жвазғаннан гөрі,ол сұрақта өңдеген дұрыс.
келісемін, рахмет
+1 дауыс
Дина бұл Сұрақ әрі ұсынысыңды өшірмей-ақ қой. Қайта сайтқа қатысты біраз толықтырулар, ұсыныстар түсіп жатыр. Соларды осы жерден мен оқып сараптамаш шығармасам. Сосын алдағы уақытта жаңадан келген қолданушылар да осыны оқып сайтты жүргізу, басқару, жалпы алғанда ауызбіршілік бар жерде іс өнетінін көрсін. Мүмкін сол кезде дұрыс сұрақ қоюға, дұрыс жауап беруге деген қызығушылықтары артатын шығар.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы