+1 дауыс
11.1k көрілді
Қара қалпақ деген не? Рума, елма? Олар кімдерден тараған өзбектерден ба?

9 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қарақалпақстан (өзбекше: Qoraqalpog`iston Respublikasi немесе Қорақалпоғистон Республикаси) - Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан, Өзбекстан республикасының құрамындағы суверенитетті Республика. Қарақалпақстан Республикасының астанасы — Нүкіс қаласында 236 700 адам жасайды. Басқа ірі қалалары — Хожейлі, Қоңырат, Шымбай және Тахияташ.

Республика 14 ауданға бөлінген.

Географиясы

Тәуелсіз демократиялық Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан.

Республика шығысынан Өзбекстанмен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Қазақстанмен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысынан Түрікменстанмен шектеседі. Жалпы жер көлемі — 165 600 шаршы шақырым.

Халқы

Қарақалпақстанның халқы 1,4 миллион адамды құрайды, солардың 48%-ы ауылдарда, 52%-ы қалаларда тұрады.

Қарақалпақстан халқының 32,1%-ын — қарақалпақтар, 32,8%-ын — өзбектер, 25,0%-ын — қазақтар, 8,0%-ын — түрікмендер, қалған 2,5%-ын басқа халықтар құрайды.

Табиғи байлықтары

Қарақалпақстан Республикасында табиғи газ, гранит, мұнай, бетонит, каолин, мәрмәр және тағы басқа қазба байлық көздері бар.

Арал теңізі атырабында газ бен мұнай шығады, бірақ бұл қорлар әлі игерілмеген, сондықтан пайдаланылмайды.

Қаратау немесе Сұлтан Уәйіс баба жотасында алтын көздері бар.

Ауыл шаруашылығы

Мақта мен күріш — ең көп егілетін дақылдар. Республикада мүйізді ірі қара, түйе, ұсақ мал, оның ішінде қаракөл қойын өсіру кең тараған.

Энергетика

Тахияташ электр станциясы және Түйемойын электр станциясы жұмыс істейді.


*Толығырақ [мына жерден][1] мәлімет ала аласыз.*


  [1]: http://kk.wikipedia.org/w/index.php?search=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D0%B0%D2%9B&title=%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B%3A%D0%86%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%83
–1 дауыс
Олар әрине ел! Мемлекет қой. Бірақ басшысы жоқ, ешкіммен араласпайтын,әркімнің қарамағында жүретін халық деп ойлаймын. Қайдағы өзбектерден? Қалпақ басқа,өзбек басқа ғой. Қалпақ қалпақтан тараған да!
0 дауыс
"Қарақалпақтар" олар кімдер? Олар түркі тектес халықтардың ішіндегі қазақ халқына ең жақындарының бірі, бізбен туыстас халық, (мыс: өзбектер түркі тектес халыққа жатпайды) Өмірінде ең көп қиыншылық көрген, бағы ашылмаған халықтардың бірі (қазақтарға Жоңғар шапқыншылығы, Хиуа хандығымен ұрыстар кезінде өте көп көмек көрсеткен), бұлардың тарихын әрине мына жерге сиғыза алмаспын (толықтырып материал дайындап жүрмін мүмкін болса жариялармын)
тук кормеген бишаралар олар
–1 дауыс
қуып кеттіңдерғой менің келіншегімнің руы қарақалпақ түб атасы шаншқылы ұлы жүзден болады
+3 дауыс
Құрметті оқырмандар қарақалпақтар қазақтарға ең жақын халық ондай басқа халык жоқ шығар мұнша ұқсайсың қазаққа.  Олар батысқа коп еликтемеген біз секілді.  Келіндері ерте тұрып жалпы салт дәстүр жақсы жақтардан.  Қазіргі таңда өзбек үкіметі мықты қысуда қарақалпақтарға өзбекті араластырып жіберді республикалары халықтың 32,8% курап отыр ал каракалпактар  32,2.  екі ири ауданың алып қойды.  Сосын неге біз қалпақ дейміз қайдан шыққан термин мүлдем түсінбеймін
+2 дауыс
Ия,жеке Республика олар,Тілі қазақшадан аумайды,қыргызшадан өзбекшеден қарағанда. Түрлері де . Менің құда балам қарақалпақтың қызына үйленген, қазақтан айырмашылығы жоқ.
0 дауыс
Қарақалпақ руларын атап айта алатындар барма?
0 дауыс
Қарақалпақтар мен қырғыздар қазақтың рулары. Қырғыздар жоңғар шапқыншылығы кезінде бізден бөлініп кеткен. Ал қарақалпақтар бертінге дейін біздің құрамда болды.
0 дауыс
Қарақалпақ бул ел булар өзбектенде қазақтанда тарамаған булар өз алдына ел бірақ бул елде өзбектерде қазақтарда бірге турады
...