Қарақалпақстан (өзбекше: Qoraqalpog`iston Respublikasi немесе Қорақалпоғистон Республикаси) - Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан, Өзбекстан республикасының құрамындағы суверенитетті Республика. Қарақалпақстан Республикасының астанасы — Нүкіс қаласында 236 700 адам жасайды. Басқа ірі қалалары — Хожейлі, Қоңырат, Шымбай және Тахияташ.
Республика 14 ауданға бөлінген.
Географиясы
Тәуелсіз демократиялық Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан.
Республика шығысынан Өзбекстанмен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Қазақстанмен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысынан Түрікменстанмен шектеседі. Жалпы жер көлемі — 165 600 шаршы шақырым.
Халқы
Қарақалпақстанның халқы 1,4 миллион адамды құрайды, солардың 48%-ы ауылдарда, 52%-ы қалаларда тұрады.
Қарақалпақстан халқының 32,1%-ын — қарақалпақтар, 32,8%-ын — өзбектер, 25,0%-ын — қазақтар, 8,0%-ын — түрікмендер, қалған 2,5%-ын басқа халықтар құрайды.
Табиғи байлықтары
Қарақалпақстан Республикасында табиғи газ, гранит, мұнай, бетонит, каолин, мәрмәр және тағы басқа қазба байлық көздері бар.
Арал теңізі атырабында газ бен мұнай шығады, бірақ бұл қорлар әлі игерілмеген, сондықтан пайдаланылмайды.
Қаратау немесе Сұлтан Уәйіс баба жотасында алтын көздері бар.
Ауыл шаруашылығы
Мақта мен күріш — ең көп егілетін дақылдар. Республикада мүйізді ірі қара, түйе, ұсақ мал, оның ішінде қаракөл қойын өсіру кең тараған.
Энергетика
Тахияташ электр станциясы және Түйемойын электр станциясы жұмыс істейді.
*Толығырақ [мына жерден][1] мәлімет ала аласыз.*
[1]: http://kk.wikipedia.org/w/index.php?search=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D0%B0%D2%9B&title=%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B%3A%D0%86%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%83