+3 дауыс
748 көрілді
Мен өзім ұнатпай тұрып,бұрын көріп білмеген,туыстарымның қайрауымен таныстырған қызға үйлендім.Ойымда жүрген қызға жете алмадым.27 ге келгенде қателеспеуім керек еді.Аптыққан көңілмен байқамаппын.Уақыт өте келе үйренісемін деп едім,бірақ түк сезім жоқ.Өмірдегі екі қателіктің бірі осы деген рас па?
Сұрақтың жабылу себебі: қажетсіз сұрақ

10 жауап

+3 дауыс
Ол ешқандай да қателік емес.Адам міндетті түрде сүйіп қосылмайды ғой. Жарыңызды бара-бара сүйіп кетуіңіз мүмкін. Әр нәрсенің өз жақсылығы болады. Соған сеніңіз. Біреулердің айтқанына сеніп, ашуға ерік беріп кетпеңіз.
+5 дауыс
Қайта сол жақсы емес па? Жаңа танысқан қыз бен жігіт сияқты жүресіздер. Бірге қыдырып, бірге біраз жерлерге баруға болады. Бір-біріңіздің  әлі толық тани қоймаған сияқтысыздар. Кешкі тамақты дәмханада ішіңіздер, киноға барыңыздар, түнімен қыдырыңыздар. Нағыз романтика басталатын кез ғой. Туыстарыңыз сізге, әрине, жақсы қызды таныстырған болу керек. Қателестім деп ойламаңыз, керісінше, менің бағым деп ойлаңыз. Бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыз берік болсын! Сәбилеріңіз көөөөп болсын, ИНШ!
+2 дауыс
Жоқ дей берсеңіз жақсы ешнәрсе таба алмайсын,ешқшан жоқ дей бермеңіз бар қалауыңызбен жаман ойлардан аулақ болып сүйіп кетемін деп ойлаңыз,сүйіп кетесіз
+3 дауыс
Құдайға шүкіт ата -анам  өзім сүйген жігітпен қосыласын, біз тандап береміз  деп бір ретте аузын ашқан жоқ, сонысына рахмет, үлкен ата-апаларым айтатын уақыт өте келе үйренісіп кетесін дейтін қалайша үйреніп кетесін сол адамға егер ешқандай сезім болмаса, арадағы жазықсыз бала сол зардапты шегеді, сонда олар бәрінеде көніп отқан ба, бірін-бірі сүймеседе деп ойлап қоямын.
Өмірлік жар ол сенің мәнгіге қасында қуанышында ,қайғында  бірге бөлісетін ең жақын адамының бірі, суйікті жарын ,адал досын
БІР АЛЛА БІЛЕДІ ары қарай не болатының, ал шешім қабылдау өзінізден
+4 дауыс
кешірерсіз, 27-ге келген адамды көріп отырғам жоқ
+4 дауыс
Иа жар таңдау өмірдегі қиын жұмыс. "Махаббат қызық мол жылдар"-да айтылған емеспе "Жақсы жар табу олда бір жеңіс деп" меніңше қателікті махаббатта біреуі жасайды ал оны түзету үшін біреуінің тырысқаны жетпейді, екеулеп жүріп бір-біріне сүйеу болса бұйырған бақыт қашпасы анық.
+1 дауыс
Білесіз ба, өмір біз ойлағандай оп-оңай емес. Өзіңз сүйген адамға қол жеткізе алмау заңды да сияқты, тіпті мектепте де жақсы оқитын оқушының қасына нашар оқитын оқушыны отырғызады ғой. Неге? Себебі жақсы оқитын оқушы үлгермі төмен оқушыға көмектесу үшін. Сол сияқты, екі жас бір-біріне ешқашан 100 пайыз жақсы болып жолықпайды, сүйсін м ейлі, сүймесін. Оны кейін өзіңіз тәрбиелеп аларсыз.  Уақыт өте келе, оны жақсы көретін боласыз, бауыр басасыз. Бұл енді бір жағынан міндет сияқты, сүймедім деп біреудің мәпелеп өсірген қызын бақытсыз ету барып тұрған әділетсіздік. Оның үстіне сіз өзіңіз кінәлісіз! Бүйтетініңіз бар неге туыстарыңыздың қайрапуына көнесіз? Үйлену дегеніміз - өз правоңның жарымын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз. Ойланыңыз!
Ох, Құдайым, не деп кеттім?! Соңғы кезде ойым шашыраңқы боп жүр....
жуууз пайыз косыламын.тамаша жауап!
0 дауыс
өкініштің орнын толтыру оңай емес.Уақыт бәріне емші дейді.Жұбайыңыз егер үй шаруасына пысық,өзі тартымды,оқыған,жұмысы бар,шыққан тегі тәуір отбасы болса,несіне өкінесіз.5 немесе 10 жыл жүріп қосыла алмағандар да бар.Маңайыңыздағы кейбір ниеті бұзық,сөздері қисық бір жолдастарыңыздың бір-бірлеріңізді қарсы қойғанынан сақтаныңыз.Сіз мүмкін түрі жылтыраған,мүмкін жап-жас қыз алғыңыз келген шығар.Бірақ ең бастысы сабыр сақтаңыз.
0 дауыс
*Бұл сұраққа ғалымдарда ойланар еді!!!*8-|
0 дауыс
ол өте жақсы болған сізге туыстарыңыз жаманшылық тілемейдіғой қайта соған сіңісіп кетесіз
...