Білесіз ба, өмір біз ойлағандай оп-оңай емес. Өзіңз сүйген адамға қол жеткізе алмау заңды да сияқты, тіпті мектепте де жақсы оқитын оқушының қасына нашар оқитын оқушыны отырғызады ғой. Неге? Себебі жақсы оқитын оқушы үлгермі төмен оқушыға көмектесу үшін. Сол сияқты, екі жас бір-біріне ешқашан 100 пайыз жақсы болып жолықпайды, сүйсін м ейлі, сүймесін. Оны кейін өзіңіз тәрбиелеп аларсыз. Уақыт өте келе, оны жақсы көретін боласыз, бауыр басасыз. Бұл енді бір жағынан міндет сияқты, сүймедім деп біреудің мәпелеп өсірген қызын бақытсыз ету барып тұрған әділетсіздік. Оның үстіне сіз өзіңіз кінәлісіз! Бүйтетініңіз бар неге туыстарыңыздың қайрапуына көнесіз? Үйлену дегеніміз - өз правоңның жарымын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз. Ойланыңыз!
Ох, Құдайым, не деп кеттім?! Соңғы кезде ойым шашыраңқы боп жүр....