+2 дауыс
469k көрілді
Қазақша қыз есімдері қажет, қасында мағынасы болса?
Ұлпа - қардың ұлпасы, Шұғыла - таң шапағы, Алуа - мағынасын білмейді екем
Аделина жəне Жанайым есімдерінің мағынасы қандай?

13 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
ОҢЛАСЫН – қазақтың төл есімі. Түбірі қалау райындағы «оңда» (жарылқа) сөзінен шыққан. Жаңа туған сәбиге «Тәңір жарылқасын, бақыты ерте оянған азаматтардың қатарынан көрінсін» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін ныспы
РӘБИҒА – арабтың «Рабии», яғни «төртінші бала» деген сөзінен шыққан. Алланың сүйген құлдарының бірі, сопы әулие Рабия Балқия (Ауғанстан аумағындағы қазақтар мен түріктер көп шоғырланған Балық қаласы) отбасында туылған төртінші бала болған. Сосын оған осы есімді лайық көрген. Мұқым мұсылман қауымы жаңа туған қыз балаға осы есімді ырымдап қоятын болған.
НӘРКЕС – қазақтың қыз балаға қоятын ырымды ныспысы. Жаңа туған сәбидің көзі тұнық, әдемі болса, осы есімді беретін болған. «Тіл-көзден аман жүрсін, әдемі ару болсын» деген ниетпен қойылады. Және де бақшада өсетін күлтесі ақ немесе сары түсті, хош иісті гүлді де НӘРКЕС деп айтады. Ел ішінде сирек кезде­сетін есімдер қатарына жатады.
ЖАНТІЛЕУ – қазақтың «жан» (рух) және «тілеу» (тілек, үміт, арман-мақсат) сөздерінің бірігуінен құралған есім. Жаңа туған сәбиге жан тілеуім (бар тілегім) осы баламның үстінде деген ниетпен қойылатын ырымды ныспы. Яғни «осы сәбиімнің өмірдегі бар тілегі қабыл болсын, әрдайым жолы ашық болсын» деген мағына береді. Және де қазақ халқы есімге «Жан» сөзін еркелету мақсатында да тіркейді, «Жанерке, Жанболат» деген сияқты. ЖАНТІЛЕУ – ел ішінде өте сирек кездесетін есім.
ФАЗЫЛ – қасиетті Құран Кәрімнен алынған арабша есім. «Адал, мейірімді жан» деген мағынаны білдіреді. Жаңа туған сәбиге «Жаратқанның сүйген құлдарының қатарында болып, мейірім-шапағатына бөленсін» деген ниетпен қойылады. Бұл күндері сирек кездесетін ныспылар санатында.
Мәнсия – арабтың «білімпаз», «білім сүйгіш» деген мағына беретін сөзінен шық­қан. Халқымыз бала ақылды, білімге құмар, ынталы болып өссін деген тілекпен қоя­тын болған
ІҢКӘР – қазақтың төл есімі. «Құштарлық, ынтызарлық» дегенді білдіреді. Қазақ қыз балаға бұл ныспыны «өмірге құштар, нәзік те сұлу, жан дүниесі бай болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін есімнің бірі.
МАЙРА – парсының «маһире» сөзімен төркіндес есім. Моншақ мағынасында қолданылады. Қазақ арасында жиі кездесетін есім. Бастапқы мағынасынан ажырап, қазақ ішінде май айында туылғандарға қойылатын ат сияқты болып кеткен. Өзге мұсылмандар арасында «Маһире» түрінде қолданылады.
АЙНА – парсы сөзі. Мағынасы «жарқын, таза» дегенді білдіреді. Жаңа туған сәбиге «жаны жайсаң, жүзі жарқын, ары таза жан болсын» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде жиі кездесетін ныспылардың бірі.
ЗӘУРЕШ – арабтың «зәхра» (нұрлы жүз, жарқын келбет) сөзінен шыққан. Ұлық пайғамбар қызы Фатиманы осылай деп атайды екен. Кейін бұл есім қазақ арасына сіңіп, Зура, Зухра, Зәуре формасында қолданылатын болған. Бұл есім мұсылмандар арасында, әсіресе шиғалар ортасында, жиі кездеседі.
БИКЕШ – қазақтың төл есімі. Бойжеткен қыздар мен жас әйелдерге айтылатын мәдениетті, ибалы сөз. Және де күн мен түннің теңелу нүктесі орналасқан шоқ жұлдызды Бикеш деп атайды. Жаңа туған қыз балаға «қылықты, ерке, сұлу болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде өте сирек кездеседі.
ЗЕРЕ – қазақтың төл есімі. Көбіне қыз балаға қойылады. Көне түркі тілінде іші қуыс, ұзын келген, сәукелемен бірге киілетін баскиімді және де кіреукенің кеуде мен арқа жақтарына темір не болат тақташалар қосылып өрілетін сауытты осылай атайтын болған. «Сәукеледей әдемі, сұңғақ болып өссін» деген ниетпен қойылатын есім.
МЕРЕКЕ – қазақтың төл есімі. «Салтанат», «Шаттық» деген мағыналарды білдіреді. Жаңа туған сәбиге өмірі шаттыққа, салтанатты сәттерге толы болсын, әрқашан жадырап жүрсін, ата-анасының көз қуанышына айналсын деген ниетпен қояды. Ел ішінде сирек кездесетін ныспылардың қатарына жатады.
Мәриям – кісі есімдері туралы ғылым бойынша бұл есім иврит тілінен тара­ған. Сондай-ақ оның латын тілінен шыққаны туралы да болжамдар бар. Оның ма­ғынасы «сүйікті», «етене жақын» дегенді білдіреді екен. Тарихта бұл есімнің даңқ­ты және ықпалды әйел адамдарға қойылғаны белгілі. Ономастикалық зерт­теулерде Мәриям, Мария есімдері «сәби әділ, турашыл болсын деген ниеттен туған» деп жазылады.
Меруерт – «інжу-маржан» сөзінің синонимі. Кейбір деректерге қарағанда, сөз төркіні парсы тілінен шығатын болса керек. Парсылар маржан тастарды «морварид» деп атайды. Алайда олар «Меруерт» немесе «Морварид» деп ат қоймайды. Соған қарағанда, бұл сөз парсы тіліне қазақ тілінен енген сөз болуы әбден мүмкін. Өйткені түркі қауымы арасында тек қазақтар ғана қыздарына осындай есім қояды.
Мәдина: араб-парсы тілдеріндегі «дин» (дін) сөзімен төркіндес болып келеді. «Мәдина» сөзін араб тілінен аударғанда, қала мағынасын береді. Қала – дін мен мәдениеттің көрсеткіші. Көп үлгі тұтар зиялы болсын деген ниетпен қойылатын есім.
Шәкизада: парсының «шах» (патша) және «зада» (адам) сөздерінің бірігуінен құралған
Ғазиз – араб тілінде «қымбат», «асыл» деген мағынаны білдіреді.
Фатима – араб тілінде «емшектен шығарылған» деген мағынаны білдіреді. Бұл есім ең алғаш Мұхаммед пайғамбардың қызына қойылған делінеді.
рахмет улкен!!!
+2 дауыс
Томирис-----------Тұмар ханша
Ұлмекен-----------Ұл көп болсын
Ажар---------------Әдемі
Дана----------------Адал, сенімді, қауіпсіз
      Жалпы балалаpға есім беpгенде жақсы естілуіне емес, мағынасына мән беpу қажет. Осына есіңізде ұстаңыз.
ммм рахмет сізге)
+1 дауыс
Қыздарға Аделина , Жанайым , Райан деген есім жұмақ қақпасы деген мағынаны білдіреді.
+2 дауыс
Қазақша қыз есімі ?
- Жібек ... ... ...  !)
+3 дауыс
Інжу деген есім әдемі,мағынасы інжу деген асыл тас
+1 дауыс
Қазақ қыздарына өте жақсы есімдер қою керек. Аделина, Аида, Анель, т.б басқа елдерден келген есімдер онша жақсы емес. Қазақта бұрыннан келе жатқан жақсы есімдер өте көп қой. Олар Алуа, Мақпал, Жібек, Айша, Айбарша, Ақжайнақ, Айсұлу, Айсәуле... Кейінгі есімдер Роза, Райхан, Раушан, Назерке, Жанерке,  деген сияқты гүлдердің атымен байланысқан есімдер қыздарды тіпті әдемі етіп көрсетеді. Сондықтан ат қойғанжа ойланып, мағыналы, әрі әдемі аттарды қойған абзал. Кейін ол өзінің атының жақсы екеніне риза болып, "Маған осы кісі осындай жақсы ат қойыпты", - деп қуанып жүреді.
0 дауыс
Әмина – Пайғамбаpымыздың (с.ғ.с) анасының есімі болған.
0 дауыс
Менің атым...
Аида

Аида - ғалымдар бұл есімді француз мысыртанушысы Огюст Мариеттің ойлап тапқанын айтады. Ғалым италиялық атақты сазгер Джузеппе Вердиге «Аида» операсын жазуға ықпал еткен болатын.

Бірақ мысыртанушы «Аида» ныспысын Аиата, Аэта сияқты антикалық дәуір есімдерін дыбыстық жағынан өзгерту негізінде жасағанын жасырмайды. Африка халықтары тілінде мұндай түбірлі сөздер «бірінші ханшайым» деген мағынаны білдірген. Бүгінде бұл есім әлемнің барлық халқында бар.
0 дауыс
АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз. АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған. АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат. АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша. АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң. АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті. АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы. АЗА - тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді. АИДА - араб тілінен — пайда, сый. АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім. АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз. АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді. АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі. АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған. АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді. АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала. АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем. АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым. АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған дәриа - теңіз, үлкен өзен. АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім. АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі. АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала. АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі. АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу. АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу. АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем. АЙМАН – қазақ тілінен— белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл. АЙМИРА – жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім. АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек. АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия. АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу. АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті. АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше. АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған. АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім. АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған. АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша. АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім. АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім. АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім. АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім. АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім. АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім. АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім. АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала. АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім. АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу. АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім. АҚЖІБЕК - Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған. АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай. АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ + тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б. АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала. АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған. АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала. АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім. АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар. АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты. АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл. АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан. АЛТЫН - кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б. АЛУА – араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан. АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады. АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б. АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора. АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім. АРДАҚ - құрмет, қадір. АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою. АРУ - сұлу, көркем. АРШАТ - араб тілінен - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды. АСИЯ - иран тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел). АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил - негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты. АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді. АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық. ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік. ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем. ӘДИБА - араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші. ӘДИЛА - араб тілінен алынған әдил-ғадія - әділдік, шыншылдық, турашыл. ӘДИНА - иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген; жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина. ӘДИЯ - араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту. ӘЗИЗА - араб тілінен — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты. ӘЗИМА - араб тілінен — ұлы, мәртебелі әйел. ӘИГЕРІМ - әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен. ӘЙНЕК - араб тілінен алынған эйн — көз; қайнар бұлақтың көзі. ӘЛЕМГҮЛ - әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы. ӘЛИМА - араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел. ӘЛИПА - араб тілінен алынған алиф — қолға ілінген, дос, жолдас; араб әліппесіндегі бірінші әріп. ӘЛИЯ - араб тілінен алынған — құны, бағасы артық, биік, жоғары; қымбатты, сүйікті; мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері - Ғалия, Қалия, Әлиша. ӘЛФИЯ - араб тілінен — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші. ӘМИЛА - араб тілінен - қызметші, жұмыскер. ӘМИНА - араб тілінен — адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті. ӘМИРА - араб тілінен алынған әмір ДАЙАНА - латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты. ДАМИРА – жаңа есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а». ДАНА - иран тілінен — білгір, данышпан. ДАНАГҮЛ - иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім. ДАРА - қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім. ДАРИҒА - иран тілінен — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім. ДАРИЯ - иран тілінен — теңіз, ұлы өзен. ДӘЛИЛА - араб тілінен — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы. ДӘМЕЛІ - үмітті, үміткер. ДӘМИНА - араб тілінен — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі - Дамина. ДӘНЕШ - иран тілінен — білім, ғылым. ДИДАРА - иран тілінен — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім. ДАНЕШ - иран тілінен — знание, наука. ДИЛА – грузин тілінен — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім. ДИЛЬНАЗ - парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік. ДИНАРА - араб тілінен - алтын тиын, ақша. ДҮНИЯ - араб тілінен алынған дунйа — әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік. ДҮРИЯ - иран тілінен алынған дуруйе - жібектен тоқылған әдемі мата. ДІЛАРА - иран тілінен - көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу. ДІЛБАРА - иран тілінен - сүйікті, өте сұлу. ЕРКЕ - айтқанын істететін шолжың, еркін. ЖАЗИРА - араб тілінен - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім. ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім. ЖАМАЛ - араб тілінен — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік. ЖАМАЛИ - араб тілінен — сұлу, көркем, сүйікті. ЖАМИҒА - араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы. ЖАНАН - тәжік тілінен алынған джонон — жан аямасдос, жан жолдас. ЖАНАР — көздің жанары, сәулесі; күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең. ЖАНАРГҮЛ – қазақ және иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы. ЖАНАТ - ең асыл, көркем, керемет, рахат. ЖАНЕРКЕ - қараңыз: Еркежан. ЖАНИПА - иран және тәжік тілдерінен алынған жан-джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі. ЖАНИЯ - иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жаным, жан сәулем. ЖАННА - көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін. ЖАННАТ - араб тілінен — бақ, жұмақ бағы. ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған. ЖАНСҰЛУ - жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім. ЖӘЛИЛА - араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты. ЖӘМИЛА - араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы. ЖЕҢІСГҮЛ - (қараңыз: Гүлжеңіс). ЖҰЛДЫЗАЙ - жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған. ЖҰМАБИКЕ - араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш. ЖҮПАР - хош иіс. ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған. ЗАҒИЛА - араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира. ЗАҒИПА - араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша. ЗАҒИРА - (қараңыз: Зағила). ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАЙРА - араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАЙТУНА - бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті. ЗАҚИРА - араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАМИЛИЯ - араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАМИРА - араб тілінен - асыл арман, тәтті қиял, ой. ЗАРА - иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім. ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай. ЗӘКИЯ - араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сөзімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім. ЗӘМЗЕГҮЛ - араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді. ЗӘМЗАМИЯ - араб тілінен — су тасушы. ЗӘРИПА - араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі. ЗӘУРЕ - араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра. ЗЕЙНЕП - араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты. ЗЕЙНЕГҮЛ - араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі. ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі. ЗЕРЕ - иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы. ЗИБА - иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа. ЗИБАГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу. ЗИЛА - араб тілінен — таза, ашық, айқын. ЗИНИРА - араб тілінен - безенген көрікті, көркем. ЗИНИЯ - араб тілінен - безенген, әшекейленген, сәнденген. ЗИЯ - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле. ЗИЯГҮЛ - гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш. ЗИЯДА - араб тілінен алынған зиада - артықша, ерекше, тамаша. ЗУРА - (қараңыз: Зәуре). ЗҮБАЙДА - араб тілінен - таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген. ЗҮБАЙРА - араб тілінен - күшті, ақылды. ЗҮЛФИЯ - араб тілінен - бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы. ЗҮМРАТ - иран тілінен - қымбат, бағалы тас. ЗЫЛИҚА - араб тілінен - жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха. ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді. КЕЛБЕТ - көрік, ажар, әр, тұлға. КЕНЖЕ - ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз. КЕҢЕСГҮЛ - жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала. КЕРІМБАЛА - керемет сұлу қыз бала. КЛАРА - латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы. КҮБАРА - араб тілінен алынған кубра - үлкендер, ұлылар. КҮЛАЙ - гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім. КҮЛАЙХАН - гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі - Күлән. КҮЛАЙША - тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем. КҮЛӘНДА - тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі. КҮЛӘСИЯ - иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз. КҮЛБАҒИЛА - иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді. КҮЛБАҒИРА - иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші. КҮЛБАЛА - кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала. КҮЛИРА - иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр. КҮМІСАЙ - қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім. КҮНАЙ - күн мен айдай болсын деп қойылған есім. КҮНСҰЛУ - күндей сұлу, әдемі.
Ардақ деген баланың аты емеспа
0 дауыс
Бекжан- -жан жан дүние деген мағына!
0 дауыс
Айнұр - ақ айдай нұрлы келеді, 
Айгүл - үнемі гүлдей береді. 
Айжан - о, жаны сұлу, тартымды, 
Айман - мәңгіге сезім себеді. 

Айсулу - жүрегі жарық - арайлы, 
Айдана - қиылып, әй-әй қарайды.
Әйгерім - пах, қандай өзі әдемі?
Айсара - адалдық, сенім қалайды.

Әсел - тәп-тәтті балдай тамады, 
Әсем - әрқашан, әсем қалады. 
Асыл - эх, аңсаған арман ғой, 
Сауле - жаныңды жаулап алады. 

Қарлығаш - қанатты, қайсар қыз дейді, 
Сандуғаш - мә, сұлу.. Қайтсын біздейді? 
Фарида - табылмас - жылы жүрегі, 
Жазира - мінезі қатты, мұз дейді. 

Ажар - ажармен - бәрін таң қылды, 
Шынар - о, уау! Көзбен талдырды.. 
Анар - шекердей, ерні қып-қызыл, 
Жанар - жанары - мұңға малдырды. 

Айтолқын - сөзімен ойды баурайды, 
Дариға - еркелеп, көңіл аулайды. 
Динара - мінезі ай-хай, баршылық! 
Айбөпе - есімі, бәрін ;) жаулайды.

Үміт - оу, шіркін! Сондай... Сөз жетпес, 
Талшын - арман-ай.. Ия, ия қол жетпес. 
Анель - нәп-нәзік, ғажап, әдепті, 
Ардақ - көңілден, естен - еш кетпес.. 

Қарақат - кірпікке кірпік жалғапты), 
Гүлбану - жайдарлы, ашық, салмақты. 
Меруерт - күлкісі... Тфай-тфай, дәл күндей, 
Арайлым - ақылды, пысық, жан-жақты.. 

Маржан - бриллиант, жарық күлгені, 
Аида - ұнайды жеңіл жүргені. 
Толқын - теңіздің соққан - жүрегі,
Жұлдыз - бағалы, жұлдыз - түндегі. 

Мадина - арқашан таңдай - жайнаған, 
Айсәуле - еліктей тауда ойнаған. 
Гүлдана - ерекше, міне
0 дауыс
АБИРА - тәжік тілінен алынған  абера — шөбере, шөбере қыз.

АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған  агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.

АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.

АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған  адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.

АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы;   түр, өң.

АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.

АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.

АЗА - тәжік тілінен алынған  азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.

АИДА - араб тілінен  — пайда, сый.

АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.

АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.

АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.

АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің  сөзі  гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.

АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.

АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала.

АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем.

АЙДАНА – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  дана - білгір, данышпан, ғалым.

АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған дәриа  - теңіз, үлкен өзен.

АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай  + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.

АЙЖАН – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.

АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.

АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.

АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.

АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.

АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем.

АЙМАН – қазақ тілінен—  белгілі, әйгілі, даңқты;  араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.

АЙМИРА – жана  есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.

АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған  айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.

АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.

АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.

АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай  + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.

АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.

АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.

АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.

АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.

АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.

АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.

АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.

АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.

АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала.

АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.

АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.

АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.

АҚЖІБЕК -  Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.

АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ  + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.

АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ  + тәжік тілінен алынған  хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.

АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.

АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.

АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.

АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім.

АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.

АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.

АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.

АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.

АЛТЫН - кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.

АЛУА – араб тілінен алынған  халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.

АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.

АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.

АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.

АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.

АРДАҚ - құрмет, қадір.

АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою.

АРУ - сұлу, көркем.

АРШАТ - араб тілінен  - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.

АСИЯ - иран тілінен  — қайырымды, мейірімді (әйел).

АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил -  негіз, түбір, түп нұсқасы;   шынайы, нағыз;  қымбатты, ардақты.

АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.

АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.

ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.

ӘДИБА - араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.

ӘДИЛА - араб тілінен алынған әдил-ғадія  - әділдік, шыншылдық, турашыл.

ӘДИНА - иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген;    жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.

ӘДИЯ - араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.

ӘЗИЗА - араб тілінен  — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.

ӘЗИМА - араб тілінен  — ұлы, мәртебелі әйел.

ӘИГЕРІМ - әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.

ӘЙНЕК - араб тілінен алынған  эйн —  көз;   қайнар бұлақтың көзі.

ӘЛЕМГҮЛ - әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.

ӘЛИМА - араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел.

ӘЛИПА - араб тілінен алынған алиф —  қолға ілінген, дос, жолдас;   араб әліппесіндегі бірінші әріп.

ӘЛИЯ - араб тілінен алынған —  құны, бағасы артық, биік, жоғары;   қымбатты, сүйікті;   мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері - Ғалия, Қалия, Әлиша.

ӘЛФИЯ - араб тілінен  — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.

ӘМИЛА - араб тілінен - қызметші, жұмыскер.

ӘМИНА - араб тілінен  —  адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.

ӘМИРА - араб тілінен алынған әмір

ДАЙАНА - латын тілінен алынған  Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

ДАМИРА – жаңа  есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».

ДАНА - иран тілінен  — білгір, данышпан.

ДАНАГҮЛ - иран тілінен  — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.

ДАРА - қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАРИҒА - иран тілінен  — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз,  керемет, тамаша деген мағыналы есім.

ДАРИЯ - иран тілінен  — теңіз, ұлы өзен.

ДӘЛИЛА - араб тілінен  — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.

ДӘМЕЛІ - үмітті, үміткер.

ДӘМИНА - араб тілінен  — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі - Дамина.

ДӘНЕШ - иран тілінен  — білім, ғылым.

ДИДАРА - иран тілінен  — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАНЕШ - иран тілінен  — знание, наука.

ДИЛА – грузин тілінен  — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.

ДИЛЬНАЗ  - парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

ДИНАРА - араб тілінен - алтын тиын, ақша.

ДҮНИЯ - араб тілінен алынған дунйа —  әлем, жер жүзі;    өмір, тіршілік.

ДҮРИЯ - иран тілінен алынған дуруйе - жібектен тоқылған әдемі мата.

ДІЛАРА - иран тілінен  - көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.

ДІЛБАРА - иран тілінен  - сүйікті, өте сұлу.

ЕРКЕ - айтқанын істететін шолжың, еркін.

ЖАЗИРА - араб тілінен  - ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАЙНА - гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

ЖАМАЛ - араб тілінен  — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.

ЖАМАЛИ - араб тілінен  — сұлу, көркем, сүйікті.

ЖАМИҒА - араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.

ЖАНАН - тәжік тілінен алынған  джонон — жан аямасдос, жан жолдас.

ЖАНАР —  көздің жанары, сәулесі;  күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.

ЖАНАРГҮЛ – қазақ және  иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.

ЖАНАТ - ең асыл, көркем, керемет, рахат.

ЖАНЕРКЕ - қараңыз: Еркежан.

ЖАНИПА -  иран және тәжік тілдерінен алынған  жан-джон - яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.

ЖАНИЯ - иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жаным, жан сәулем.

ЖАННА - көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.

ЖАННАТ - араб тілінен  — бақ, жұмақ бағы.

ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНСҰЛУ - жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

ЖӘЛИЛА - араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.

ЖӘМИЛА - араб тілінен алынған жамил —  әдемі, тамаша, көркем, сұлу;  сүйкімді, ажарлы.

ЖЕҢІСГҮЛ  - (қараңыз: Гүлжеңіс).

ЖҰЛДЫЗАЙ - жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.

ЖҰМАБИКЕ  - араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.

ЖҮПАР - хош иіс.

ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

ЗАҒИЛА - араб тілінен алынған зәхирә, зехира —  қазына, байлық, қымбат бағалы асыл;  сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.

ЗАҒИПА - араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.

ЗАҒИРА  - (қараңыз: Зағила).

ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙРА - араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙТУНА - бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.

ЗАҚИРА - араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИЛИЯ - араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИРА - араб тілінен -   асыл арман, тәтті қиял, ой.

ЗАРА - иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАРЕМА – жаңа  есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.

ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина —  алтындаған, алтыннан жасалған әшекей;   алтын түстес, алтындай.

ЗӘКИЯ - араб тілінен алынған зәки —  өткір, зерек, сөзімтал;   ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗӘМЗЕГҮЛ - араб тілінен алынған  земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.

ЗӘМЗАМИЯ - араб тілінен  — су тасушы.

ЗӘРИПА - араб тілінен алынған Зариф —  өткір ойлы, ақылды, зейінді;    әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.

ЗӘУРЕ - араб тілінен  —  жарқыраған;  Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.

ЗЕЙНЕП - араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.

ЗЕЙНЕГҮЛ - араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл.  Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.

ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.

ЗЕРЕ - иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.

ЗИБА - иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.

ЗИБАГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу.

ЗИЛА - араб тілінен  — таза, ашық, айқын.

ЗИНИРА - араб тілінен - безенген көрікті, көркем.

ЗИНИЯ - араб тілінен  - безенген, әшекейленген, сәнденген.

ЗИЯ - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле.

ЗИЯГҮЛ - гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.

ЗИЯДА - араб тілінен алынған зиада - артықша, ерекше, тамаша.

ЗУРА  - (қараңыз: Зәуре).

ЗҮБАЙДА - араб тілінен  - таңдаған, таңдаулы, ең жақсы,  нағыз іріктелген.

ЗҮБАЙРА - араб тілінен  - күшті, ақылды.

ЗҮЛФИЯ - араб тілінен  - бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.

ЗҮМРАТ - иран тілінен  - қымбат, бағалы тас.

ЗЫЛИҚА - араб тілінен  - жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.

КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.

КЕЛБЕТ - көрік, ажар, әр, тұлға.

КЕНЖЕ - ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.

КЕҢЕСГҮЛ - жаңа есім  — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.

КЕРІМБАЛА - керемет сұлу қыз бала.

КЛАРА - латын тілінен   — жарқын, айқын, нұрлы.

КҮБАРА - араб тілінен алынған кубра - үлкендер, ұлылар.

КҮЛАЙ - гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.

КҮЛАЙХАН - гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі - Күлән.

КҮЛАЙША - тәжік тілінен алынған  гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.

КҮЛӘНДА - тәжік тілінен алынған  гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.

КҮЛӘСИЯ - иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.

КҮЛБАҒИЛА - иран тілінен алынған гуль  + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.

КҮЛБАҒИРА - иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.

КҮЛБАЛА - кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.

КҮЛИРА - иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.

КҮМІСАЙ - қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

КҮНАЙ - күн мен айдай болсын деп қойылған есім.

КҮНСҰЛУ - күндей сұлу, әдемі.
 uhks оқушы (973 балл) 26.12.2014 жауап берді
•admin 17.02.2015 жж таңдады
0дауыс
АЯНАТ ,ӘДИНА (аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім),ГҮЛНАФИСА ,ҒАЙНИЖАМАЛ,ҒАЙНИЖАМАЛ,,,,, деген сияқты...
 molдир))) оқушы (746 балл) 10.04.2013 жауап берді
+2дауыс
АБИРА - тәжік тілінен алынған  абера — шөбере, шөбере қыз.

АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған  агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.

АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.

АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған  адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.

АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы;   түр, өң.

АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.

АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.

АЗА - тәжік тілінен алынған  азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.

АИДА - араб тілінен  — пайда, сый.

АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.

АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.

АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.

АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің  сөзі  гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.

АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.

АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала.

АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем.

АЙДАНА – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  дана - білгір, данышпан, ғалым.

АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған дәриа  - теңіз, үлкен өзен.

АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай  + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.

АЙЖАН – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.

АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.

АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.

АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.

АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.

АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем.

АЙМАН – қазақ тілінен—  белгілі, әйгілі, даңқты;  араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.

АЙМИРА – жана  есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.

АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған  айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.

АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.

АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.

АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай  + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.

АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.

АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.

АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.

АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.

АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.

АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.

АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.

АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.

АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала.

АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.

АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.

АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.

АҚЖІБЕК -  Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.

АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ  + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.

АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ  + тәжік тілінен алынған  хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.

АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.

АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.

АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.

АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім.

АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.

АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.

АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.

АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.

АЛТЫН - кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.

АЛУА – араб тілінен алынған  халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.

АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.

АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.

АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.

АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.

АРДАҚ - құрмет, қадір.

АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою.

АРУ - сұлу, көркем.

АРШАТ - араб тілінен  - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.

АСИЯ - иран тілінен  — қайырымды, мейірімді (әйел).

АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил -  негіз, түбір, түп нұсқасы;   шынайы, нағыз;  қымбатты, ардақты.

АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.

АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.

ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.

ӘДИБА - араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.

ӘДИЛА - араб тілінен алынған әдил-ғадія  - әділдік, шыншылдық, турашыл.

ӘДИНА - иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген;    жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.

ӘДИЯ - араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.

ӘЗИЗА - араб тілінен  — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.

ӘЗИМА - араб тілінен  — ұлы, мәртебелі әйел.

ӘИГЕРІМ - әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.

ӘЙНЕК - араб тілінен алынған  эйн —  көз;   қайнар бұлақтың көзі.

ӘЛЕМГҮЛ - әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.

ӘЛИМА - араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел.

ӘЛИПА - араб тілінен алынған алиф —  қолға ілінген, дос, жолдас;   араб әліппесіндегі бірінші әріп.

ӘЛИЯ - араб тілінен алынған —  құны, бағасы артық, биік, жоғары;   қымбатты, сүйікті;   мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері - Ғалия, Қалия, Әлиша.

ӘЛФИЯ - араб тілінен  — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.

ӘМИЛА - араб тілінен - қызметші, жұмыскер.

ӘМИНА - араб тілінен  —  адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.

ӘМИРА - араб тілінен алынған әмір -
0 дауыс
Зуха есімі қандай мағына білдіреді?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Қаламқас 22.05.2023 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Альфат 23.04.2023 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...