+3 дауыс
591 көрілді
Мен мемлекеттік қызметкермін.Биыл осы қызметте жүргеніме үш жылдай уақыт істеп келемін.Дегенмен осы қызметте кейінгі кезде сөгіс алуым жиілеп кетті.Ауыл әкімшілігінде көптеген қыруар істерге үлгере алмай жүрмін.Жасым отызда.Берілген тапсырманы қанша талпынып істесем де басшылыққа жақпай қойдым.Күнде еститінім ұрыс-керіс,сөгіс.Сөгісті ала берсең ұжым басқаша қарайды.Үкіметтің жұмысына  бар ынтамды салсамда істегенім көзге көрінбейді.Еркектік намысыма тиіп болды.Өтірік күле саламын,бірақ қашанғы жүрем өйтіп.Жұмысымнан бір күнде қуып шықса тағы жаман ғой.Психологтардың көмегі керек болды.Қолымды бір сілтеп тастай салсам,ол да шешпейді.Мүмкін қызмет саласында осындай қысымшылық жасау қалыптасқан ба?Алға жылжуыма не кедергі екен?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
мен тек бір нәрсе айта кетейін. Есіңізде болсын, жамандықтан кейін әрқашан жақсылық келеді. Бәрін ойланып жасасыңыз бәрі жақсы болады. Ешқандай қобалжудың қажеті жоқ.
мүмкін басы ашты болғанымен, аяғы тәтті болыды. Алла қаласа барлығы да жақсы болып кетеді.
Бір жағынан сенікі де дұрыс бірақ жігітке момын болған жараспайтын секілді
+1 дауыс
Менің сынып жетекшім бар, үнемі біздің кесірімізден дұрысты да, бұрысты да, ұрысты да естіп жүреді, былайша барлық нәрседен бірінші орын алып жүреміз, бірақ таяқтың екі ұшы болады демей ме? қайдаам, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, Бір жағынан мақтау есітіп бір құанып қаламызда, артынша сөгіс естіп, бір мұңайып аламыз, кешегінде ҰБТ тапсырдық, мектебіміз бойынша ҰБТдан ең жоғарғы балл жинаған біздің сынып болды, артынша екі алған біздің сынып, өмір өз арнаасында, былайша... Ал, басқа сыныптарда 2-де жоқ, 5-те жоқ, бірақ кілең 3...Енді сізге айтарым: Еш қамықпаңыз, өмір өз арнасымен жүрмей ме, бірде қараңғы басқан түн болса, артынша нұрын шашқан күн тұрмай ма? Сіздің уайымыңызға ортақтасқан проблемаға бас иіп қалып кетпей, бой алдырмай. жарқын жақта өмір сүріңіз дегім келеді, ең бастысы адамға Шыдамдылық керек, әр нәрсенің өз шегі бар, сол бастығыңыз қашанғы сізді сөгіп жүре береді дейсіз, сізге меніңше бастықтың сеніміне білдіртпей кіру керек, бастығыңызға ұнайтын тірліктер істеп көрсеңізші, мен сіздің қандай жұмыс істейтініңді білмеймін ғой, сондықтан мынау.мынау деп айта алмаймын.
+2 дауыс
менінше жұмыс орынызды ауыстыру керек сияқты, тек өзінізге ғана  емес отбасынызға да үлкен зардаптар тиеді , бастысы ошағыныздың берекесі керпесе болғаны. Жұмыстағы жан жал, арине ұйге әсері тиеді
+1 дауыс
Сәлеметсіз бе, Жасұлан! Мен ойымша 1 жыл ішінде бірінші ескерту, екінші сөгіс, үшінші қатаң сөгіс, содан кейін жұмыстан статьямен  шығарып жіберуі мүмкін гой.  Менде 2 жыл іс-жүргізуші содан кейін 5 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасадым. Жұмыстың оңайы жоқ деп жүре бердім, ішімнен жылап отырсамда, сыртымнан күліп жүрдім. Жаңадан  бастық келіп,  жұмыс бабымен мені бір жерге жұмсап "бармасаң, менің айтқанымды істемесең, жұмыстан шығасың" деген соң ғана бардым. Іс насырға шапқанда басын алып қашты, "мен жұмысаған жоқпын" деп. Ақыр соңында жұмыстан шығарылдым. Енді түсінгенім Жасұлан жұмысыңызды ауыстырыңыз,  ата-бабадан қалған жұмыс жоқ, қағаздың түбіне жете алмайсыз, ол үсті-үстіне түсіп көбейіп жатыр ғой.
0 дауыс
"Не ошибается тот, кто ничего не делает" дейді орыс халқы.
Мүмкін сізді әлдене мазалап жүрген болар, солардың кесірінен жұмыс та өңбей жатады...
Жұмысты жақсы көңіл күймен жасасаңыз барлығы тамаша болады. Ол үшін үйден жақсы көнілмен шығу керек, үйден жақсы көңіл күймен шығуыңызды жұбайыңыз қамтасамыз етуі керек (егер үйленген болсаңыз)
Сіздін бақандай он жас кішілім бар, ақыл айтар жайым жоқ, тек жиырма жыл өмірімде түсінгенім осы.
Қолды бір сілтеуді ойлап жүрсіз, осы сізге кедергі келтіруде, әр күніңізді жақсы көңіл күймен, сергек бастаңыз.
...