+2 дауыс
522 көрілді
Омiрде оз-озiнiздi жек корiп кететiн кезiнiз бола ма...ондай кезде омiрге деген кулшынысынызды калай ояткан едiнiз, канагаттанарлыктай жауап калдыруынызды отiнеем? . . .

7 жауап

+2 дауыс
Шашыңызды қиыңыз, стиліңізді өзгертіңіз, адамдармен араласыңыз. Көшеге шығыңыз, қыдырыңыз. Жақын құрбыларыңыздың көмегі керек мұндайда. Мұңаймаңыз, бәрі жақсы болады. "ТРИ ИДИОТА" деген фильмді қазір отырып қарап шығыңыз!
+1 дауыс
Әлі жаспыз ғой,басымнан өтпеген !!!!!!!!!!!!!!
+2 дауыс
бұндай кезде өзінді жалғыз, ешкімге керегі жоқ болғандай сезінесін өзінді. өмір бір орында тоқтап қалғандай көрінеді, өмірдін мәні мен сәні кеткедей көрінеді. не істеу керек ондайда ішіндегіні сақтамай, жасырмай табиғатпен бөлісу керексін (егер құрбылармен бөліскін келмесе ,дегенім го) бар дауысымен айқайлап, ызаның барлығын шығару керексін ең алдымен, және өзінді кінәләй берме, бұл өтпелі кезен
+3 дауыс
Ондай кездер болады. Әсіресе, өзіңнің бір қателігің өзіңнің өміріңе не болмаса басқаларға зардабы тиіп жатса. Егер өзіңе ғана зардабы тисе өзіңізді кешіруге болады, бірақ айналадағы қауымға тисе оны ұмыту қиын болады, өйткені еске салып тұратындар үйіріп жүреді айналаңызда. Еш себепсіз адам өз-өзін жек көріп кетпейді ғой...бір себебі міндетті түрде болады. Өмірге деген құлшынысыңызды ояту үшін өзіңіздің ойыңызды өзгертіңіз. "Хочешь изменить мир - изменись сам" орысша мысал келтірсем де өте жақсы айтылған нәрсе. Мүмкін бір пайдасы тиіп қалар.
+1 дауыс
Мен өз басым рухани дамытатын кітап оқимын әдетте бұндай кездерде. Мысалы, адам не үшін жаратылған? Жауабын бір білсеңіз, әсте түңілмес едіңіз!
+1 дауыс
Кешірерсіздер жауабым қайталанып жатса, дал осындай жағдайлар басымнан өтпеседе, көп адамдардың осындай сұрақтарға жауап іздейтінің жиі(жалпы өмірде) кездестірем оларға айтарым Мұқағали ағамыздың мына бір өлеңің айтудан(жазудан) таңған жоқпын:
Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға.
.
.
.
.
.
.
.
.
Өзіңізден жиіркеңген сәтте, салқын душ қабылдап жаңа өмірге аяқ басқандай, өмірді жақсы жағына қарай бұрыңыз.(Дене мүшесі кеміс, қол-аяғы жоқ адамдардан үлгі алыңыз, олар өмірді сүйеді)
.
Қайтер едің өмірге келмегенде,
Көнесің де...
Қайтесің көнбегенде?
Көресің де...
Қайтесің көрмегенде?
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде.
Қадірлі дос,
Халіңді ұғып тұрмын.
Күйзелттің ғой, бәрін де ұмыттырдың,
Нақ айыпты жандайын алдыңда мен
Не дерімді біле алмай, құрып тұрмын.
Не де болса, тәуекел - тең көрейік,
Әкел бері қайғыңды - тең бөлейік!
Бірімізге біріміз дем берейік,
Бір арбаның астында дөңгелейік.
Қақ бөлесің қайғыңды,
Келісеміз.
Алауын да, уын да тең ішеміз.
Кезбе бақыт кездесіп қалса бізге,
Тепе-тең ғып екіге бөлісеміз!
"Өлі балық жолығар өлмегенге!"
Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!
Өмір деген осылай, жаным менің,
Қайтер едік өмірге келмегенде?!
Көнеміз де...
Қайтеміз көнбегенде???
Муқағали Мақатаев
барлыгынызга РаХМеТ! Пiкiрлерiнiздi айтып, ойларынызбен болiскендерiнiз ушiн. Бiрак менi дурыс тусiнiнiздер, мен бул омiрге келгенiме окiнiп немесе омiрден тезiрек отiп кеткiм кеп журген жок. Кейде омiрде коргiн келмеген жайттарды коруге, бiлгiн келмеген жагдайларды бiлуге тура келетiн саттер болады гой, менiн койган сурагымнын торкiнi осы туралы едi...Ал оз- озiмдi жек кору туралы айтканым, ия шынымен, мен оз арекеттерiмнен, оз-озiмнен арланган кездерiм болган.Мен омiрде туйык емеспiн, бiрак кобiнесе сыр болiсуден кашкактаймын...себебiн озiмде бiлмеймiн..мiнезiмнiн озiме унамайтын жактары бар, сол кемшiлiктерiмдi тузей алмайм-ау деген сенiмсiздiк бойымды жайлап алган..
"Мен омiрде туйык емеспiн, бiрак кобiнесе сыр болiсуден кашкактаймын...себебiн озiмде бiлмеймiн". Бірақ менің ойымша сіз осы СЖ сайтында сыр бөлісуді үйреніп жатқан сияқтысыз))) осылай ақырын ақырын бойыңызды жаулап алған сенімсіздіктен де арыларсыз ИншАллах!
+1 дауыс
не үшін жек көрдіңіз өіңізді? ЕНТ ма әлде...?
жок мен али  ЕНТ тапсырмайм, 9-ыншы сыныпты битирген окушымын!
9-сынып болса демек өтпелі кезең ғоймен де де болған ондайлар,бастысы жаман ойлародан аулақ болып,сіздіңде басқөаларға керек екеніңізді ұмытпағайсыз
aха...рахмеет! Мени тусингенинизге жане де оз пикиринизди калдырганынызгаа...*)
...