Егер адам басынан қатты соққы алатын болса есін жоғалтып алуы мүмкін. Кейін уақыт өте келе бұрынғы өмірі есіне түсер. Егер адамның ақыл-есі орнында болса, екінші бір адамды ұмытуы мүмкін емес-ау. Мәңгі ұмыта алады дегенге сенбеймін, өйткені адам өміріндегі әр жанның өзіндік бір орны, ізі бар, ал ол ізді өшіру ешкімнің қолынан келген емес.