+1 дауыс
1.2k көрілді
... жалпы келін төркініне жиі барып, күнде не істеп, не қойғанын телефонмен айтып отырғаны бүртүрлі емес пе, әлде қалай? ... осында келіндер бар ма, сіз төркініңізге қашан бардыңыз? жалпы сіздің ойыңыз?

2 жауап

+2 дауыс
Әрине жазып отырғаныңыз айғақ дүние. Мен тұрмыс құрмаған адаммын, дегенмен мына сілтеме бойынша кіріп, мәлімет алуыңызға болады: http://www.kyzdar-alippesy.kz/?p=502, осы мақаладан үзік:
"Жанымдағы қыным-ау,
Сіңлілерім мен інім-ау.
Жыл айналып келгенше,
Қош аман, бол күнім-ау, – деп бауырларымен қоштасады. Мұнда «жыл айналып келгенше» деген сөздің мағынасы бар. Өйткені дәстүр бойынша, ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне бара алмайды. Барған жеріне «тастай батып, судай сіңу» үшін, екі жақтың әңгімесін тасымас үшін, т.б "...))
ал қазіргі келіндер ше, бұған шыдай ма екен?
Қазірде феминизм мен демократия кең етек жайған ғой, бірдеңе болса, шағым айтуға әзір. Шыдау үшін алыстан іздеу керек шығар келінді...қазақтар "төркіні жақынның - төсегі жиналмас" дейді...))) алыстан келген қыз жол қаражатын көтере алатын шамасы болып жатпаса, сағындым  деп бара бермес...Және алыста болса, сыйлы болады, бір келгенде, арқа-жарқа болып, бір қуанып қаласыз,,,,))))
0 дауыс
Неге қыздарды/келіндерді бір сәт түсінбеске? Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, түсінде де көрмеген жерге барады. Танитыны - күйеуі.  Жат жер. Өзіңізді орнына қойып көріңіз енді! Телефонмен не істеп, не қойғаны жайлы ештене айта алмаймын. Мүмкін тамақ дұрыс істей алмай жүрген шығар, мүмкін мамасынан кеңес сұрап жүрген шығар. Біржақты көзқараста болмаңыз.
келiсемiн, бар кiнанi келiндерге уйiп тоге бермейiкшi.
...