+5 дауыс
6.0k көрілді

Өз есіміңіздің мағынасын , нені білдіретінін білесіз бе? Білсеңіз жаза кетсеңіз,,,

16 жауап

+4 дауыс
Менің атым - Берік Папамның аты - Серік сол папам сияқты болсын деп атымды апам Берік деп қойған.
+5 дауыс

   менің есімім-ҮМІТ.   3 апкем бар! содан кейін мен, менен кеиін ұл болсын деп атымды "ҮМІТ"  қойған! менен кейін 4 жылдан соң інім дүниеге келді!  менің сондай қасиетім бар cheeky

есімін әдемі екен, но маған сені Умка деп айткан унайд
+7 дауыс
есімім Жантуған ир. және қаз. ша дүниеге ер бала келді деген сөз..............
+8 дауыс
Менің есімім - Құралай. Еліктің лағын "құралай" дейді...
+5 дауыс
Мен Наурыздың 19-на 1995-шы жылы туылғанмын ғой. Дәл сол мен туылған күні Абай Құнанбаев атамызға 150 жыл толған екен. Соның құрметіне менің есімімді Абай деп атаған екен. Яғни менің туылған күнім Абай Құнанбаевтің туылған күнімен бірдей күн.
Құнанбайдың баласы 10-ыншы тамызда туылған еді ғой?
+4 дауыс
есімім Ақмарал, әкем менің  қабылдаған дарігердің (окушер) сыйлап менің де есімімді Ақмарал деп  қойған!!!))
+5 дауыс
*Нұрислам*. Исламның, яғни Аллаһтың нұры жаусын деген ізгі тілектен туындаса керек... (y)
+2 дауыс
Менің атым Құралай!Менің атымды мен туылмай жатып қыз екенін нағашы әжем сезген.Сосын Құралай қойды
Менің есімім Айнұр , яғни қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті деген мағынаны білдіреді .
+1 дауыс
АБЗАЛ АБЗАЛ – түбірі арабтың «фәзл» деген сөзінен шыққан. Білімді, даналық иесі деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы ардақтайтын адамын «Абзал жан» деп атайды. Нәрестеге «құрметті, білімді болсын» дегенниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде өте жиікездесетін есімдер қатарына жатады. АБЗАЛ – Араб және қазақ тілдерінде"абзал" сөзініңмағынасы: лайық, ең жақсы, қымбат, бағалы. Аса мәртебелі, мейірбан адам.
+1 дауыс
менің есімім Назымбек,Назым-деген араб тілінен аударғанда "сатылмайтын"(не подкупный)деген сөзді білдіреді,ал -бек-деген түсінікті
+1 дауыс
Менің есімім - Бауыржан. Есімімді әкемнің үлкен апасы қойыпты. Ол кісі мені жақындарына бауырманды жан болсын деп қойған.
+1 дауыс
Есімім Жарқын! Жарқын деп нағашы әжем қойған ! Жан жағына нұр шашаып жарқырап жүрсін деп !
0 дауыс
Менің есімім-Жансая! Анам Жанына сая,көңіліне пана болсын деп қойған )
0 дауыс
Менің есімім Қуаныш! мен туылғанда менің атам тұңғыш немересі ұл болып туылғанына ҚУАНЫП кеткеннен қуанышы ішіне сыймай менің атымды Қуаныш деп қойған екен. Күшті ия?)))
0 дауыс
Менiң атым-Даниал,Даниал пайғамбардың аттасымын.
...