Мейл ру -барлық жастың мекені,
Интернеттің дәм кіргізер шекері.
Несіне біз жасырайық,расында,
Уақытымыз агентпенен өтеді.
Жаман емес агент шіркін,тамаша,
Бұл ғасырға серпіліс,ол жаңаша.
Ұнататын адамдарға хат жазып,
Сөйлесесің ,сырласасың оңаша.
Виртуальный ақ сезімге ересің,
Мирына кіріп суреттерін көресің.
Ұнамаса суреттері ол жанның,
Иксты басып,достығынан сөнесің.
Тарылтумен қуаныштың аясын,
Суретіне минус 1ді қоясың.
Ең соңында үзгің келіп араңды,
Контактіден игнор қылып жоясың.
Агент қызық,статусы әртүрлі,
Бір-ақ сәтте өзгертесің қалпыңды.
Мұңаясың,жимыясың,күлесің,
Айқайлайсың,жылайсың да жүресің.
Қойған кезде статусқа жүректі,
Дей бергін сен талай жандар дір етті.
Анда-санда пысық болып,өзіңше,
Работаю деп қоясың күректі.
Статуста кітап та бар,жастық та,
Кресло да бар ұқсататын бастыққа.
Қалпақты ай,жұлдыз да бар , сыра да,
Жақсы адамда сыра бірақ тұра ма?!
Кетер кезде отошелды басасың,
Невидим боп адамдардан қашасың.
Невидим боп, біліп қойып жазса егер,
Не істеріңді білмей қалып сасасың.
Денсаулығыңның нашар болса жағдайы,
Ауруларға статус бар арнайы.
Соны қойсаң, барлық адам жазады,
Қалай деумен бұл достымның жағдайы.
Бұл агенттің оң түсті ғой асығы,
Бар тағы да тарелка,вилка,қасығы.
Достарыңның алып әркез мазасын,
Өзіне емес,блокқа сен жазасың.
Агентте отырады барлығы,
Кездестіресің байларды да жарлыны.
Агентте отырады шопырлар да,
Қарапайым жұмысшы,токарьлар да.
Бұл сөзіме болмайды иланбауға,
Отырады агентте имамдар да.
Мұғалім де,студент те қосылған,
Лекция үстінде хат күтеді досынан.
Профессорлар,ғалымдар да ойшыл да,
Агентте отырады қойшың да.
Барлығы да барлығы да осында,
Дұшпаның да, бала күнгі досың да.
Қысқасы 21 ғасырда,
Агент болсын достар сенің қасыңда.