Біздің елімізде білім сапасы басқа елдермен салыстырғанда төмен. Елімізде қанша мың ЖОО болғанымен,оның қайсысы қандай білім беріп жатқанын білмейсің. Көпшілігі жеке меншік болып табылады. Әрине жеке меншік болған соң, оларда бірінші орында -ақша тұрады. Ақшаңды төлесең,оқисың ,төлемесең есік әне! -дейтіні өтірік емес! Сол себептен биылдан бастап,ҚР Білім және Ғылым Министрі өзіндік шаралар қарастырып,көптеген сапасыз оқу орындарын жауып тастады. Ендігі мақсат-сырттай оқу бөлімдерін жаппақшы! бұл ойды жүзеге асыру -оңай шаруа емес ,әрине! Дегенмен түбінде жүзеге асатыны хақ! Сонымен қатар ЖОО-на бұрынғыдай құжаттар тапсырып,ЖОО-ң студенті атан салмайсыз,белгілі бір сынақ тапсырып барып ЖОО-на қабылданатын боласыз!
Тағы айта кетер жағдай,ЖОО-ң оқытушылары да белгілі мерзім аралығында аттестациядан өтіп отыратын болды. Міне ҚР білім жүйесінің сәл болса да алға ілгерілеуін байқаймыз осы жайттардан. Оны биылғы ҰБТ дәлелдеді!)) Сонымен қатар мектеп мұғалімдері де арнайы тесттен өтіп барып жұмысқа қабылданатын болыпты,оларда педагогикалық аттестациядан өтіп отыратын болды. Міне осылай!